Mazir
23 мар 14:07korilim:28 018 Қоғам

Араша сұраймыз: «Наконец-то» Айтжановтың айтқаны келді


Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратты деп айыпталған дәрігер Думан Айтжановқа араша сұраушы қараша халықтың қарасы қалың, олардың айтуынша, дәрігердің болжамы тура келіп, алдағы уақытта инфекцияның таралуын ушықтырып алуымыз ықтимал. 

Қытайдағы инфекцияның таралуы қарқыны халық санына шаққанда орташа деңгейде болды. Қазір Қазақстанда 61 адамнан коронавирус анықталған. Десек те, бізде бірнеше қалада ғана арнайы блок-пост құрылып, қарым-қатынас бақылауға алынып отыр. 

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Қытайдағы Ухань қаласының орталық емханасының дәрігері Ли елде коронавирус тарап жатқанын жария етіп, артынша жалған ақпарат таратты деп айыпталған-ды. Уағында мән бермеген көрші ел басшылығы жағдайды анағұрлым асқындырып алғаны өтірік емес. Айыпталған дәрігер дереу қамауға алынып, артынша бейнеүндеу арқылы өзінің жалған ақпарат таратқанын «мойындады». Көрші ел үкіметінің бұл әрекетіндегі негізгі мақсат – қоғамда дүрбелең туғызбау. Ол ақталмас па еді, бәлкім, егер бес миллион тоғыз жүз мың адам оған араша түспегенде?!

Осы уақытта Лиді барлық қытайлық телеарналар, бұқаралық ақпарат құралдары жерден алып, жерге салып жатқан. Оның бүлікшіл екенін айтып, жалған ақпарат таратқан адамның жазасы ауыр деген мағынадағы идеология жүргізді. Лимен қоса желіде материал таратқан 8 дәрігер де жазаға тартылды. 

7-ақпан күні коронавирус қытайлық дәрігердің де өмірін жалмаған. Кеш те болса, кешенді сақтық шараларына бар күшін салған ҚХР бүгінде коронавирусты ауыздықтады. Бірақ жазым болғандар саны тым көп. 

Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданының орталық емханасының білікті дәрігері, акушер-гинеколог Думан Айтжановтың басында дәл осы жағдай қайталанып отыр. Ол Whats App желісінде Алматы қаласында 70-тен астам адам коронавирус жұқтырды, масканы сағат сайын ауыстыру керек деген сынды пікірін таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабының 2-тармағына сәйкес жалған ақпарат таратты деп айыпталып отыр. Бұл баптың жазасы ауыр: 3 мың АЕК айыппұл немесе қоғамдық жұмыстарға жегілу, 3 жыл бас бостандығынан айырылу. 

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар саны 60-тан асты. Егер Денсаулық сақтау министрлігі уағында дәрігер Айтжановтың пікіріне құлақ асқанда жағдай әлдеқалай болар еді?!

Әлеуметтік желіде көптеген азаматтар Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атына ашық хат жазып, жазықсыз жазалы болған дәрігерге ара түсуін сұрауда. 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15