8-наурыз күні бірнеше айдың жоспарын орындайтын гүл сатушылардың табысы кімді болсын қызықтарары сөзсіз. Ендеше әрі қарай парақтаңыз, біз айталық.
Алматылық Жан Али бес жыл бойы гүл сатуды кәсіп етіп келеді. Оның айтуынша, гүлдің ең өтімді уақыты – ақпан айының соңы мен наурыз айының басы. Халықаралық әйелдер күні ол әдеттегіден екі есе қызметкерлер жалдап жұмыс жасайтынын айтады.
«Біздің кәсібіміздің табысы жақсы. Мен гүлдерді үш-төрт миллион теңгеге сатып аламын. 10-20 миллион теңгеге гүл алатындар да бар. Өйткені, біз тауарды бірге бір қосып сатамыз. Мысалы, «тюльпан» гүлін 200-250 теңгеден аламын да 400-500 теңгеден сатымн. Ұзын «роза» гүлдерін 500 теңгеден алып 1000 теңгеге сатамын», - дейді Жан Али.
Оның айтуынша, алған тауарының 90 пайызы өтіп кетеді. Қалған гүлдер де құрымайды, оларды 15-наурызға дейін алып жатады.
«Әрине, салық төлеу керек, қызметкерлердің еңбекақысы бар. Бұл шығындар кірістің жартысын алады. 3-4 миллион теңге табысымыздан қолымызда 1,5-2 миллион теңге қалады», - дейді ол.
Ал 25 жастағы Әбілқайыр Қалдар Алматыда 8-наурыз үшін арнайы гүл өсіреді. Ол мерекеге қазан айынан бастап дайындалады екен. Осы жол Әбілқайыр Нидерландыдан 100 миллион теңгеге 100 мың гүл тұқымын алғызған. Оны өзінің жылыжайында өсіріп, көтерме бағамен сатады.
«Бір тұқым салық пен жолды қоса есептегенде 100 теңгеге шығады. Мен гүлдің түйірін көтерме бағамен 200-250 теңгеден сатамын», - дейді ол.
Әбілқайырдың айтуынша, гүлге салынған ақша өзіне екі есе болып оралады екен.
Басып шығару