Mazir
31 окт 10:46korilim:389 Ekonomika

Қазақстан Грузиядан көлік сатып алған елдер тізімінде көш бастап тұр

Грузиядан Орталық Азия елдеріне автокөліктердің реэкспорты 215 пайызға өсті. Бұл тізімде Қазақстан көш бастап тұр. Былтырмен салыстырғанда биыл қазақстандық сатып алушылар көлікті үш есе көп сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Кавказдағы ең үлкен кешен - Рустави автобазарына АҚШ, Еуропа және Жапонияның көліктері келіп жатыр. Осы жердегі көліктер басқа елдерге жеткізіледі.

Жұма, сенбі, жексенбі күндері мұнда ондаған мың сатып алушылар келеді. Биыл автокөліктердің реэкспорты бойынша Қазақстан бірінші орында. Одан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан.

«Бізде Орталық Азия елдеріне реэкспорт бойынша өте жақсы көрсеткіш бар. Оның ішінде Қазақстан бірінші орында. Өткен жылмен салыстырғанда реэкспорт көрсеткіші бес есе өсті. Егер бұрын жалпы алғанда, бізден Орталық Азияға 200-ден аса көлік жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш айына шамамен, 1500 көлікті құрайды», - деді автобазардың маркетинг және жарнама жөніндегі директоры Стелла Камандарова.

Биыл Руставидегі көлік нарығына шыққан көліктер саны сұраныстың артуына байланысты 33 пайызға өсті. Соның ішінде бұл сұраныс қазақстандықтар тарапынан бар.

«Мұнда көлік түрі көп. Төрт мыңнан алты мыңға дейін көлік бар. Басқа елге қарағанда осы жерден көлік сатып алып, оны Қазақстанға тез жеткізуге болады», - деді қазақстандық Қуаныш Қаликов.

Жыл басынан бері қазақстандықтар Грузияда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 270 пайызға көп көлік сатып алған. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш.

Грузияның автокөліктердің реэкспортынан түскен қаржы биыл 590 миллион доллар. Грузия Орталық Азия елдерімен сауда қатынастарын одан әрі жақсартып, логистика саласын дамытуға ниетті.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15