Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Оңтүстік Кореядан ат терлетіп келген компания өкілдерімен жаңа зауыттың құрылысы туралы пікір алмасты.
«Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарым барысында Hyosung Heavy Industries компаниясының басшылығымен кездескенмін. Нұр-Сұлтан қаласында Alageum Electric компаниясымен бірігіе отырып жаңа нысан салу жобасын талқыладық. Оның ішінде жоғары кернеулі электротехникалық құрылғыларды шығаратын зауыт салу жобасы туралы сөз болған», - деп жазды Көлгінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әкімнің сөзіне сенсек, соңғы технологиялармен жабдықталған зауыт өнімі ірі қалалардағы электр мәселесін тез шешіп беруге қауқарлы. Сондай-ақ, зауыт іске қосылса 200 жұмыс орыны ашылып, қала тұрғындары жұмыспен қамтылады.
«Өнімді отандық нарықпен қатар шетелге экспорттауды көздейміз. Hyosung Corporation компаниясы Оңтүстік Кореядағы алпауыт холдингтердің бірі. Бұл компнаия электротехникалық жабдықтар жасаумен, мұнай өндірумен және басқа да бірнеше бағыттағы кәсіппен айналысады», - деді Алтай Көлгінов.