Елімізде күн сайын газ тапшылығы туралы айтылып келеді. ҚР Энергетика министрі бұл жағдайды көліктердің көбеюімен түсіндірді.
Министрлік газға деген тапшылықты жою үшін газ экспортына тыйым салу керек екенін алға тартты.
Бізде автокөлікке арналған сұйылтылған газды ел аумағынан шығаруға тыйым салынған. Қазір дәл осындай тыйымды темір жол экспортына енгізуді жоспарлап отырмыз, - деді Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүрекбаев.
Вице-министрдің айтуынша, алдағы уақытта газ бағасының өсімі байқалуы мүмкін.
Бағаның қазіргі деңгейі сақталады деп үміттенеміз. Аз ғана өсім байқалуы мүмкін, бірақ әрі қарай нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты баға бір қалыпқа келеді, - деді Жүрекбаев.
Басып шығару