Қазақстандағы сауда нүктелерінде нан өнімдерінің бағасы 5,9 пайызға өскен. Макарон өнімдерінің де бағасы 10,3 пайызға дейін қымбаттапты. Ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер бағасы 0,8 пайызға артқан.
2021 жылдың алғашқы жартысында нан және макарон өнімдері өндірісі 111 миллиард теңгеге бағаланған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес аралығымен салыстырғанда 11,8 пайызға аз.
Нан өндірісі 21,3 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, макарон, лапша және басқа да ұн өнімдерінің өндірісі 17,9 пайызға азайған.
Басып шығару