Қазақстанда киім қымбаттады. Наурыз айының соңында ерлер киімінің бағасы өскен. Бұл туралы Energyprom.kz сарапшылары айтты.
«Наурыз айының соңында киім бағасы қымбаттады. Оның ішінде ерлер киімі бес пайызға, әйелдер киімі - 4,9 пайызға, балалар киімі 4,5 пайызға қымбаттады», - деп жазады сарапшылар.
Елімізде киім өндіру көлемі артып келеді, алайда бұл өндірістер нақты тұтыну деңгейінің тек аз мөлшерін ғана қамтиды.
Басып шығару