Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды екенін айтты.
«Жалпы қазір көптеген елдер ПТР-тестпен қатар вакцинация паспортымен де туристерді қабылдайды. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде басқа елдердің үкіметімен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Мысалы, бүгінде Моңғолия, Таиланд және Мажарстан туристерді біздің вакцинация паспортымен кіргізе береді. Осындай елдердің санын көбейту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді Дастан Рыспеков.
Басып шығару