Қазақстан дәнді дақылдардың 70% шетелден алады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты. Бірақ сырттан әкелінген сорттардың көпшілігі біздің климаттық жағдайымызға бейімделмеген.
«Бүгінде біз сорттар мен гибридтердің шамамен 70 пайызын, тіпті бірқатар дақылдардың 100 пайыз шетелден алатындай мүшкіл хәлге жеттік. Сырттан әкелінген сорттардың көпшілігі біздің климаттық жағдайымызға бейімделмеген. Жетекші аграрлық елдердің ешқайсысында мұндай жүйелік қателіктер жіберілмейді», - деді Ақылбек Күрішбаев.
Сурет: maximonline.ru
Басып шығару