Қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынбайды. Бұл туралы Stopfake.kz. хабарлады.
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар бір-бірін COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынатыны туралы ескертуде. Мұндай шаралар ағымдағы жылдың соңында қабылдана бастайды екен. Бұл фейк.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация және одан бас тартқаны үшін айыппұлдар салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Бізде мәжбүрлі вакцинация жоқ және болмайды да. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Мұндай хабарламалар – жалған ақпарат болып табылады», – деп хабарлады ведомстводан.
Басып шығару