Mazir
18 апр 17:44korilim:778 Ekonomika

Жираф пен зебра атып жүр: Экология министрлігі аңшыларға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Африкада жираф пен зебра атқан аңшылардың әрекетіне қатысты аікір білдірді. Оның айтуынша, саваннадағы «аң» аулағандардың бейнежазбасы қоғамда кең резонанс тудырды. Бұл бекер емес. Қазіргі күні көпшілік қызық үшін аңға шығуды дұрыс деп санамайды. 

«Ежелгі заманнан бері адамдар тірі қалу үшін, отбасын асырау қажет болғанда жануарларды ауланған. Бірақ біз видеода көрген аңшылық немесе басқаша айтқанда ойын-сауық үшін өлтіру есі дұрыс адамдарда әрқашан тиісті реакция, яғни жиіркеніш пен жағымсыз сезімдер тудырады және тудыра береді. Бізге және біздің балаларымызға қатыгездікті насихаттау қажет емес. Былтыр Президент Каспийдегі итбалықтарды ұрып-соғуға қатысты сыни баға берді. Сондықтан еліміздің ең жоғары деңгейінде барлық тіршілік иелеріне негізсіз қатыгездік айыпталса, онда бұл барлығына назар аударуға сигнал», - деп жазды Самал Ибраева.

Самал Ибраева ашкөздік және қатігездік жануарлар мен өсімдіктер санының азаюына әкелетінін айтты. 

«Дүниежүзілік табиғат қорының (WWF) "Тірі планета" есебіне сәйкес, 1970-2014 жылдар аралығында жер бетінде жабайы жануарлар - сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер саны 60 пайызға азайған. Жануарлар санының азаюына негізгі себептердің бірі - аңшылық. Адамның іс-әрекетінен табиғатта жануарлардың жаппай қырылу процесі басталды. 

Ғалымдар биологиялық түрлердің жойылу қарқыны эволюциялық табиғи көрсеткіштен 100 есе жоғары екенін есептеді. Осыған байланысты көптеген мемлекет пен мемлекеттік емес құрылым жойылып бара жатқан түрлерді құтқарумен айналысады. Соның ішінде Халықаралық Қызыл кітап көмегімен», - деді Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15