Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» басшысы қызметінен босатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовке жемісті қызметі үшін алғыс айтты.
Елбасының баспасөз қызметінде атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовтің басшылығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ БҰҰ есебінің 20 жетекші халықаралық қорының қатарына еніп, жаңа деңгейге көтерілгенін айтты.
Өз кезегінде Ахметжан Есімов Елбасына өзіне көрсетілген үлкен сенім үшін алғысын білдіріп, қордың қол жеткізген нәтижелері елдің жалпы жетістігінің аз ғана бөлігі екенін, бұл Тұңғыш Президент жүргізген саясаттың арқасында мүмкін болғандығын атап өтті.
Басып шығару