Ескертусіз жүргізілетін тексерулерге үш жылға мораторий енгізгенен кейін кәсіпкерлер тәртібі төмендеген. Бұл туралы ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
"2020 жылдан бастап кәсіпорындарды тексеруге енгізілген мораторийдан кейін кассалық тәртіптің сақталмау дерегі көбейген. Көп кәсіпкер бұл бастаманы салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қолданып жүр. Тек 2020 жылдың өзінде "Азаматтық бақылау - Чекті талап ет" жобасы аясында МКК-ға заңбұзушылықтар туралы 16,5 мың хабарлама мен видео келіп түсті", - деді Қаржы министрлігінің басшысы үкімет отырысында.
Басып шығару