Бюджеттен қаржыландыру алған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда, оның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" шеңберінде 7,2 миллиард теңгеге заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ашық жұмыс орындары мен жұмысқа орналасқан азаматтар туралы мәліметтерді электрон түрде қабылдау қамтамасыз етілетінін атап өтті.
"Жақында бюджеттен, оның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында қаржыландыру алған мемлекеттік бағдарламаларға қатысушыларға қашықтан бақылау және талдау жүргізілді. 7,2 миллиард теңгеге 20 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі", - деді министр Үкімет отырысында.
Басып шығару