Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындалмаған.
«Телеграмма бот i42500enbekkz_Bot арқылы белгісіз біреулер азаматтарға өздерінің ЖСН мен ұялы телефон нөмірлерін жіберуді сұрап, сол арқылы әлеуметтік төлемдер жіберуді ұсынады. Бұл жалған ақпарат», - деп хабарлады еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.
Телеграмм-боттар мен басқа сілтемелерге жіберілген барлық хабарламалар жалған болып табылады. Тіркеу кезінде алаяқтар жеке мәліметтер мен ЭСҚ-ға қол жеткізе алады. ЭСҚ-ны бейтаныс адамдарға, тіпті мемлекеттік қызметкерлерге ешқашан жібермеңіз! Расталмаған ақпарат көздеріне сенбеңіз! - деп хабарлады департамент.