Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында премьер-министрге ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыруға уәде берді.
"Ипотекаға пәтер сатып алғанда кепіл тіркелуі тиіс. Ол үшін бүгінде банктен құжаттарды алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күнінен кейін ХҚКО-дағы құжаттарды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі", - деп жазды Мусин Facebook-тегі парақшасында.
Ипотека рәсімдеу кезіндегі бюрократиялық мәселелерді шешу үшін министрлік Blockchain технологиясын қолдануға шешім қабылдады – ол барлық процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйе сынақ форматында іске қосылды.
Басып шығару