Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов 42 500 теңге төлемі туралы айтты.
«Наурыздың ортасынан бері жұмыс істемейтін салалар бар. Айтыңызшы, кинотеатрлар, барлар, караоке, бассейн қызметкерлеріне 42 500 теңге төленеді ме?» - деп сұрады журналист ОКҚ онлайн-брифингінде.
«Бүгінге дейін, төтенше жағдай кезінде, карантин кезеңінде, шілдеде және тамыздағы екі аптада төленді. Бүгінгі күні менің білуімше, карантин режимі жеңілдетілуде. Кейбір кәсіпкерлер жеңіл нұсқада жұмыстарын бастады», - деп жауап берді Серік Шәпкенов.
«Менің білуімше, бүгінде АЭС Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, қиын жағдайға тап болған кәсіпорындарды қолдау мәселесін қарастырады. Сондықтан, 42 500 төлемі жалғаспайды», - деді ол.
Басып шығару