Өткен жылы ҚР денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмектерді сату барысында қойылатын баға көлемін бекіткен еді. Айталық, бұл бұйрық 2020 жылдың 9-қаңтарында жаңартылып, толықтырылды.
Аталған құжатқа сәйкес, аскорбин қышқылы 64,44 – 294 теңге аралығында, ал инъекцияға арналған ерітінді 367-1045 теңге аралығында сатылуы тиіс.
Арбидол бағасы 2 123 – 4 040 теңге аралығында, Антигриппин 347 – 696 теңге, Азитромицин 1 083 – 4 305 теңге аралығында бекітілген.
Құжат негізінде Аспирин бағасы 49 теңгеден басталып, 128 теңгеден аспауы тиіс.
Анальгин – 87-149 теңге аралығында;
Ибупрофен – 99,81-229 теңге аралығында;
Ингавирин – 3 078-5 640 теңге аралығында;
Клексан – 7 167 – 33 933 теңге аралығында бағаланған.
Бағасы арнайы құжатпен бекітілген 6 191 дәрінің тізімін
мына жерден көруге болады.
Басып шығару