Үкімет азаматтарға арналған 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны бизнестің салығын жеңілдетуге ауыстырды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
«42 500 теңге ТЖ кезінде қарастырылған, қазір оны беру аяқталды. Қазір карантин режимі сақталып тұр, бірақ жақын арада ол да аяқталады. Мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қиын екенін айтқым келіп отыр. Азаматтар санитарлық талаптарды қатаң сақтап жүрген жоқ. Сондықтан, демалыс күндері карантинді қатайтуға мәжбүр болып отырмыз», - деді ол.
Оның айтуынша, «карантиндік демалыстар» үшін бизнес қандай да бір жеңілдік алуы керек. Ал Үкімет пандемияға қатысты кез келген жағдайға дайын.
Басып шығару