Нұр-Сұлтан: 1 метр жолды жөндеу үшін 5,1 млн теңге бөлінбек
Қазақстан астанасы – Нұр-Сұлтан шаһарындағы Қабанбай батыр даңғылының жөндеу жұмыстары үшін әрбір метрге 5,1 миллион теңге бөліну жоспарланып отыр. бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде кең тарауда. Анық-қанығы әлі беймәлім. Жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған жолдың жалпы ұзындығы – 17,3 шақырым. Қарабайыр есепке салсақ, жөндеу жұмыстарының жалпы құны 89 миллиард теңгені жуықтайды. Бір шақырым жолдың құны – 5,1 млрд теңге, долларға салсақ, құны – 12,3 млн доллар. Салыстырайық. Қытайда жолды салу үшін 1 шақырымға 2,2 млн доллар, Еуропа елдерінде орташа көрсеткіш – 6,9 млн доллар, АҚШ-та – 5,9 млн доллар. Басып шығару