Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны күн санап өсіп барады. Өткен тәулікте елімізде 218 адамның инфекция жұқтырғаны анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның жедел штабы мәлімдеді.
Өсім көрсеткіші 3,2 пайызды құрайды. Жаңа науқастар аймақ бойынша төмендегідей:
Шымкент – 50,
Алматы – 37,
Нұр-Сұлтан – 32,
Қостанай облысы – 12,
Түркістан облысы – 5,
Қарағанды облысы -24,
Атырау облысы – 23,
БҚО – 10,
Қызылорда облысы – 5,
Ақтөбе облысы - 5,
Алматы облысы – 7,
Жамбыл облысы – 9,
Маңғыстау облысы – 1.
Елде барлығы 6 969 адам инфекция жұқтырып, 3 598 адам жазылып шыққан. 35 адам қаза тапты.
Басып шығару