Бүгін Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Президент жарлығымен Аида Балаева тағайындалды.
«Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын», - деп жазылған Ақорда сайтындағы мемлекет басшысының Жарлығында.