ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бірдан Нұрымбетов Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табыс көзін жоғалтқан азаматтарға мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақы бойынша жиі қойылатын сауалдарға жауап берді.
Министр студенттердің жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы сөз қозғап, бұлыңғыр сауалдың басын ашып берді.
«Студенттер» деген арнайы санат жоқ. Олар – толыққанды азаматтар. Сабақтан тыс уақытта жұмыс істеуге ешкім тыйым салмайды. Көптеген студенттер осылай жұмыс істейді. Дегенмен, бейресми жұмыстар. Демек, олар да Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табыс көзінен айырылып отыр. сондықтан, олар да басқа азаматтар сияқты өтініш бере алады», - деді ол.