2020 жылы елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасының аяында 12 600 отбасы жалдамалы баспанаға ие болмақ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфраструктуралық даму вице-министрі Қайырбек Өсекбаев мәлімдеді.
Биыл ел көлемінде 15 млн шаршы метр баспана немесе 150 мың үй салу жоспарланған. Оның ішінде 38 300 пәтер жалдамалы баспана есебінде. Құрылыс пен жалдамалы баспананы қамтамасыз ету үшін 90 миллиард теңге бөлінген.
«Биыл 12 600 отбасыны жалдамалы пәтермен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Оның ішінде көпбалалы 6 000 отбасы, 1000 жас маман, 5 600 әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар», - деді вице-министр.
Басып шығару