Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов азық-түлік бағасының тоқтаусыз өсуіне қатысты мәлімдеме жасады.
«Бизнес субъектілеріне қарата айтқым келеді, біз азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермейміз», - деді ол.
Оның айтуынша, баға көтерілуіне қатысты мемлекеттік органдар қатаң мониторинг жүргізеді. Егер баға көтерілу фактісі тіркелсе, ең қатаң жазалар қолданылмақ.
Төтенше жағдай кезінде құқық бұзушылық жасағандардың жазасы ауыр. Осы ретте ішкі істер қызметкерлері халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті күзетеді.
Ол кәсіпкерлердің салықтан босатылғанын, тұтынушы санының азаюына байланысты қиындықтар туатынын білетінін жеткізді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін кіріс салығынан босатуды ұсынатынын айтты.
Басып шығару