Mazir
30 окт 16:20korilim:505 Adebiet

ӘН МЕН ӘДЕБИЕТ немесе «Сарыбидай» әнінің сағынышы туралы сыр мен сымбат

 *  *  *
  1969 жылдың шілдесі еді. Сол жылғы шілденің ыстығы әлі есте. Әлде  ол мектепті жаңа бітіріп, арман жетегінде туған жерден ұзап бара жатқан шәкірт жанының қуаныш пен күдік араласқан көңілінің қызуы ма екен? Батыстан Шығысқа, Шығыстан Батысқа тартқан ұлан жолдың бойындағы тынымсыз қозғалыс – өмір ағысы мені де албырт арманмен тербетіп, Батыстан Шығысқа алып келе жатты. Сонау қиырдан, сол кездегі Гурьев атты  өңірдің Ақкиізтоғай деген шалғайдағы ауылынан он бала - кластастар Алматыға жол тартып келеміз. Тақылдаған тақтай төсекте, жиі тоқтап, шабан жүретін жолаушылар поезының ішінде алты күн түнеп, әрең дегенде Алатаудың қарлы шыңына көз қададық. Алаң көңіл абитуриент деген атауға әлі үйренбеген  біздерді Алматы жаңбырлатып қарсы алды. Сол түні Алматының тау жағындағы жаңа шағын ауданның шетінде, аядай гүлзардың орындықтарында жаурап, жақаурап түнеп шықтық. Үш күннен соң ҚазГУ-дің филология факультетіне  құжат тапсырдым.
         «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп бабаларымыз жырлағандай, алаң көңілмен  емтихандарға кірістік. Сәті түсіп, сүрінбей келе жаттым. Сол күндерде қалың талапкерлердің арасынан бізден сәл ересектеу, сәл шаруагерлеу көрінетін,  шашын артқа қайырып,  күреңқызыл портфель ұстаған, абыржыңқы  жүрісі ғана абитуриенттік мінезге келетін, балаң көңілмен қарағанда ҚазГУ-дың жас оқытушысы секілді көрінетін бір жігітті  көріп қалып жүрдім. Ол кезде мұндай әдемі, абыройлы портфельді профессорлар  ғана ұстайтын. Содан да болар оны көбіміз жас оқытушы деп қабылдаппыз. Сол жас оқытушы бүгінде ақсақалдық жасына жеткен салиқалы ұстаз, сырбаз азамат, сындарлы ғалым.
         Емтихандардың бәрінен, конкурстың кәрінен өтіп, ректордың бұйрығы оқылатын  кең аудиторияға бой үйретіп, жан-жағыма қарасам, күреңқызыл портфель де орта тұстағы партаның үстінде жатыр екен. Оқытушы дегенім өзіміз секілді албырт абитуриент болып шықты. Көп ұзамай Талдықорғанның Қытай жақ шетіндегі, шекара бойындағы Дұнғана деген жерге жүгері жинауға келіп түстік. Неге екенін қайдам, бұл жолы күреңқызыл портфельдің иесін көре алмадым. Жолдағы  асулардан асып келе жатқанда, жол бойы аяқ суытқанда  да көзіме түсе қоймады. Кім болды екен деп ойлап қойғаным бар.
         Жүгерінің осынша ормандай болып өсетінін білмеуші едім, оның ішінде алғашқы күні  адасып, шеп бойлап шығанға кеткен біздерді шекарашылар ұстап алып, тінте тергеп, жол білетін комсоргымыз Бұлдыбаев Анарбайдың арқасында жатақты зорға тапқанбыз. Егін даласынан  күн бата көңілдене ән салып, Ақтауды айырып, Қаратауды қайырып келгендей болып ораламыз. Жүгері тиеген жүк машинасының үстінде торғайдың балапанындай шүпірлеп жатып, сол кезде енді жұртшылыққа кең жайыла бастаған «Алтыным» деген әнді аңыратып келе жатамыз. Машинадан түскесін барып қарнымыздың ашқанын біліп, Назыкеқызы Бақыт курстасымыз дайындап қойған кешкі асқа жиналып, қаз-қатар отыра қалып, әзіл-қалжыңды қоздата отырып, тамаққа бас қоямыз. Шамасы, екі-үш күннен кейін болса керек, кешке келсек  ымырттағы оттың жарығында жүзі жалқындана  көрініп, бір жігіт домбырамен сызылтып ән салып отыр екен. Тыңдай қалдық. «Біздің ауыл Кетпеннің етегінде, ерте тұрсам ауылыма жетемін бе?» деп өзеурете келіп, қайырмасында «Сарыбидай, сағындым қалқам, дауысыңды-ай»  деп үзілдіреді. Бұрын естілмеген ән. Сарыбидай деген қыздың аты болды-ау шамасы деп ойлап қоямын. Ерке қызға еркелете қойылған есім болар. Өйткені, «Қыз емес, қыздың аты қызыл бидай» деген де ән бар. Ақбидай деген ән және бар.  Жас жүрекке жақсы ән балқып кіргендей болды. Халқымыз қалқаның атын әнге қосқанда талай тамаша есімдерді тапқан ғой, ал бидайға қатысты аттардың бәрі үлбіреген сағыныш, үпілмәлік үмітке келіп тірелгенде, тыңдаушының  да жүрегіне ұя салып, таңдайына тати кетеді. Сондай ән енді мына жерде шырқалып жатыр. Ымыртты жамылып, ынтыға жеттік.
 Жинала қалдық. Тани кеттім, баяғы күреңқызыл портфельдің иесі. Сұрап келіп қалсақ, есімі Құныпия, фамилиясы Алпысбаев екен. Бірге оқитын болыппыз. Ол бұл жерде шаруашылық жұмыстармен айналысатын болыпты. Қыздарға көмектесіп, су әкеліп, отын жарып, қолы босағанда домбырасының құлақ күйін келтіріп, күнде  кеште болатын студенттік думанды ортаға шығып, көпшілікті әнге бөктіреді. Бізбен бірге осында келген талантты болашақ қаламгерлер, журналистер Тұрсын  Жұртбай,  Несіпбек  Айтовтар да етене араласып, етек-жеңіміз қосылып кетті.  Осы алғашқы таныстық елу жылға созылды. Алла нәсіп етсе, әрі қарай да созыла берсе дейміз. Жақында елу жылдан соң бас қосып, Алматыны әнге бөлеген қызықты сәтті қайыра бастан кештік. Құныпияны қолқалап, сәл сырқаттанып жүргеніне қарамастан, «Сарыбидайды» салдырдық. Сағынып қалыппыз сағынышты әнді, қосыла шырқап, шуақтанып қалдық. Осынау нәзік иірімді әннің авторы әнші-композитор, Құныпияның туыстас атасы Садықожа Мошанұлы екенін де кейін біліп, талайлы тағдырына таныс болдық. Қазан айында Жетісу өңірі оның 100 жылдығын атап өтті. Көне Кетпеннің бойы әнмен әрленді.
Сонымен, жүгері алқабы әнге бөгіп, күйге кенеліп қалды. Ертеңгі  кеште «Молдабай» деген ән кетті.  Бұл ән маған бала күнімнен таныс еді, әкем де айтатын. Батыста дауысы шығанға кететін, әншіліктен алдына  адам шыға қоймаған Молдабай деген әнші Орынбор өңірінде, Ойылдың  Көкжар жәрмеңкесінде аттас әнді шырқап, халықты тік тұрғызып, талантына бас идірген екен. Кешегі арсыз ашаршылықта, жарықтық аштан өліпті, сүйегі қазір Ақтөбе облысының  жерінде жатқан  көрінеді дейді. Орынбор көзден бұлбұл ұшты, әйтуір Еділдің бойын тербеген ерекше ән аман қалды. Мұндай әнді бүгінге жеткізген осындай азаматтар ғой. «Молдабай» мені бірден Құныпияға жақындата түсті.  Осы екі әнді бас қосқан жерде, бірге оқыған достар кездескенде Құныпия айтпай кеткен емес. Осылайша халық әндері, халық композиторларының сыршыл шығармалары студент Құныпия Алпысбаевты әдебиеттанудың ғылыми орбитасына алып келе жатты.
Әдебиеттің материалы – сөз өнері. Сөз өнерінің ғылыми майданы – әдебиеттің үш тегінің көркемдік-идеялық деңгейіне баға беру. «Өлеңге әркімнің де бар таласы» деп абыз ақын жазғандай, әдебиетке  қазақ баласының таласы бар. Бірақ олардың да таңдамалысы, танымдысы, әдеби жүгінің қарымдысы және бар. 1974 жылы Қазақ Ұлттық  Университетінің филология факультетін бітіріп, арман жолында жан-жаққа тарап кеткенде, соңғы кештегі қоштасу дастарханында «Сарыбидай» әнін соңғы рет шырқаған, қоңыр домбырасын құшақтап, көзінен жасы моншақтап, ресторанның  алдында жалғыз қалған Құныпия дос ол кезде әдебиеттің ғылыми ортасына  дендеп кететінін өзі де білмеген де болар. Оқыған адамға дауа бар ма, жылап тұрып, «жұртта қалған күшіктей жалғыз қалдым» деп Абай атасының белгілі шумағын өз ыңғайына қарай айтқанын  біздер елу жылдан соң күліп еске алдық. Өткеніңмен күліп қоштасасың деген осы екен.  Құқаң оқу бітіргесін өзіне білім берген Университетінде қызметке қалды, осындағы кәсіподақ комитетінің белсендісі  болып алғашқы  еңбек жолын бастады. Бірте-бірте төселіп, ғылымға қарай өкше көтерді. Туған елдің ғажайып әндері жас ғалымның рухани деңгейін көтеріп, көпке танытып, көркем әдебиеттің жолына салды. Кешегі нәубет жылдарда кеңестік зұлматтан бас сауғалап, тау асып, арманда қалған алыс жерге қоныс аударған Құныпияның ата-анасы 1956  жылғы  жылымық  кезінде  атакүлдікке ат байлап, ошағын тұтатты.  Жеті жасқа  келіп, білімнің ауылына аңсары ауған  Құқаң туған елінің тұңғышындай болып мектепке барды. Ұлтымыздың талай зиялы да зерделі, талантты да талғамды түлектерін ұшырған Алматыдағы атақты №12 мектепті бітірген Құныпиямен біздің жолымыз 1969 жылы осылай тоғысқан болатын. Дұнғана даласындағы думанды күндерде ол бізге Жетісу ән мектебінің туындыларын жеткізіп, халық әндерінің қасиетін танытты. Соның ішінде өзінің өскен жері Кетпеннің аты аталатын Сарыбидай әні оның ән өнеріндегі паспортындай болып, көңіл парағында  мөрленді. 
Ауыл шаруашылығы жұмысынан келіп, Виноградов көшесіндегі студенттік жатақханадан орын алғанда біздер бөлмелес болып шықтық. Әнге одан әрі мелдедік. Кешке қарай біздің бөлмеде ән шалқып, өткен-кеткен қыздар есікті бұрала ашып, бұйымтай сұрағандай болғанда, науша жігіттердің нығметі артып, әзіл-қалжың аспандап кететін. Бір күні сабақтан кейін бізге дөңгелек жүзді, жылы қабақты, баппен сөйлеп, биязы күлетін бір жігіт келді. Құныпиямен көптен таныс екен. Біраздан соң әнге кезек беріліп, әлгі жігіт домбыраның құлақ күйін асықпай, баппен келтіріп, әнге басты. Сәкен серінің «Тау ішінде» атты әнін көзін жұма отырып шырқаған кезде біздің бөлменің өзі ат үстінде келе жатқандай теңселіп, тау жақындап, кештің жұмбақ тынысы жанымызды баурап, сұлуына асыққан Сәкенге айналып кете жаздадық. Бұл  кейін қазақ даласы мен қаласын әнге бөлеген талантты әнші, тамаша  азамат Жәнібек Кәрменов екен. Осылайша Құныпияның  досы арқылы біз енді Арқаның  ән мектебіне де шәкірт болып шыға келдік. Кейінгі жылдарда Құныпиямен бірге атақты әнші Дәнеш Рақышевтың ауылына арнайы барып, ән кейіпкері – Кетпеннің етегінде оның өз аузынан «Сарыбидайды» тыңдадық. 
 Бір қуаныштысы, біздің асыл ұстаздарымыз ол кезде саптағы сарбаздай болып университет аудиторияларын толтырып тұратын. Соның ішінде ол кездегі жарқылдап тұрған жас жігіт, кейін академик атанып,  мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты болған ұстазымыз Рымғали Нұрғали ағамыз біздің бәрімізден  мықты ғалым, талантты ақын-жазушы шығады деген кәміл сенімде болатын. Рыкеңнің жетекшілігімен Құқаң 1986 жылы «Қазіргі қазақ поэмасының жанрлық мәселелері» деген тақырыпта филология ғылымының кандидаты атағын қорғап шықты. Қазақ поэзиясының поэма жанры 60-70 жылдарда идеялық, көркемдік, тарихи-танымдық жағынан үлкен белеске көтерілген еді. Хамит Ерғалиев, Қалижан Бекқожин, Әбу Сәрсенбаев, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Қайнекей Жармағамбетов, Ғафу Қайырбеков, олардан кейінгі Мұқағали мен Жұмекен бастатқан талантты топ, одан кейінгі жас толқын поэмаларының тыныс-деңгейін жан-жақты аша көрсеткен ғылыми еңбегі қазақ әдебиетіндегі жанрлық жаңғырудың бүге-шігесін дәйектеуде елеулі еңбек сіңірді. Поэманың тақырыптық танымын сараптауда, жанрлық жүгін жіктеуде, оның мазмұндық-пішіндік тұтастығын танытуда көшелі еңбек жазған ғалым одан кейінгі, 2000 жылы сәтті қорғаған: «Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік»  атты докторлық диссертациясында тарихи сана мен көркем әдебиеттің ара жігіндегі байланыс пен сабақтастық туралы кеңінен сөз қозғап, ұзақ жылдардан бері Еуразия Ұлттық Университетінің болашақ әдебиетшілеріне осы пәндерден дәріс оқып келеді. Бір кездері, абитуриент шақтағы, жұқалау келген күреңқызыл портфелі  әрі жаңаланып, әрі салмақтырақ бола түскен. Профессордың  портфелі  деген термин білімнің қоржыны деген қазақы ұғымға да дендеп келеді. Осындай «профессорлық портфелді» ұстап, қатарласып келе жатқан ғылым докторлары, профессорлар: Балтабай Әбдіғазыұлы, Анарбай Бұлдыбаев, Тұрсынбек Баймолдаев, Сейфеден Сүтжанов, Алтын Бақраденова, Сұлушаш Бекмырзаева, Дәмегүл Байжігітова, Қоңыр Мұқатаева, Ляззат Ережепова,  ақындар Жақсылық Айжан, Зейнолла Әкімжанов, Мұрат Төлендиев, жазушы Жанар Әбдішева, дінтанушы журналист Шәрбану Әбдірахманова, аудармашы Бақыт Назыкеқызы, театр-кино сыншысы Сұлтан Шомаев, мәдениеттанушы Әбдіғали Бекішев, еліміздің оқу ісінің үздік ұстаздары Майра Төлебаева, Раукен Қасымова, Серік Сұлтанғалиев,  Күлшара Әлкенова, Ақбөпе Әбжаппарова, Перуза Ешпанова, Жәудіркөз Әлімбетова, Сағадат Оңғарова, Шолпан Есжанова, Төлеу Досмағамбетова, Гүлнәр Ғалина, Жадыра Есқалиева, Бағдат Нұркенова, Миуа Құрманбаева, Мария Катаева, Сәруар Махметова  бірге оқыған, Құныпияның «Сарыбидайына» сағынышымызды қосқан курстас  достармыз. Бұл ән Құныпия досымыз арқылы біздің курстың лирикалық әнұраны болды. Ән әдемі жылдардың әсерлі дәнекері болып қалыптасты.
Қазақстан Жазушылар  одағының  мүшесі,  ғалым-ұстаздың қаламынан және қалауынан туған бірнеше оқулықтар, әдістемелік құралдар, бағыт-бағдарлық бағдарламалар туған әдебиетке қызмет ететін болашақ қаламгерлер мен ғалымдардың назарында болып, жас толқынның жан дүниесіне білім сәулесін себуде. Осынау жылдарда еліміздегі ең басты екі білім ордасы – Әл-Фараби және Гумилев атындағы Ұлттық Университеттердің филология факультетінде жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, ізденіс  жолына бағыштаған Құныпия Алпысбаев жеті белес – 70 деген беделді жастың биігіне шығып, ән мен әдебиеттің қос тізгінін қатар ұстап, егемен еліміздің білім саласына өзінің елеулі үлесін қосып келеді. Әнмен басталған әдемі ғұмыр әдебиет деген ұлт қайнарының қазынасымен толығып, оның қаламынан туған оқулықтар жоғары оқу орындарының бағдарламасына кіріп, оқытылу үстінде.
Ұлтымыздың ұлы өнерінің бірі – ән өнерінің сарқылмас қайнарынан сусындап, сол арқылы туған әдебиетке келіп, ғалым атанып, ғибратты өмір жолынан сәтті өтіп келе жатқан азаматтардың қатарында Құныпия Алпысбаев абыройлы биіктен көрініп келеді. Ән мен әдебиетті қатар ұстап, өз ортасында құрмет пен ілтипатқа бөленіп  келе  жатқан жақсы дос, жайсаң азамат, белгілі ғалым Құныпия Алпысбаевтың өмір жолын айту арқылы мен өз курстастарымның   жеткен  жетістіктерін де көңіл тоғайта  білдіре отырып, көңіл аспанын жоғары  көтердім. 
«Сарыбидайдың» сазы келер күндерге жетелей берсін. 
Мемлекеттік  сыйлықтың   лауреаты 

Басып шығару
Здесь все верно написано ультразвуковые аппараты Здесь был мой комментарй ультразвуковой генератор Для спортсменов курс гормона роста соло Для спутникового телевидения есть спец сайт тв триколор Можно установить дверь с доставкой в москве двери входные сталь Тут несколько комментариев для вас мои читатели поставить дверь в квартиру цена На этом все господа

Кому интересно - почитайте


[url=http://u-sonic.ru/catalog/apparaty_dlya_svarki_polimernykh_materialov_i_izdeliy/]ультразвуковая сварка полимеров[/url]

Сколько всего интересного можно прочитать


[url=http://u-sonic.com/tech/obrabotka-cherez-gazovye-promezhutki/koagulyatsiya/]коагуляция дыма[/url]

Сколько спортом не занимайся, бициху не нарастишь без питания


[url=https://moretesto.su/]стероиды купить[/url]

Для спутникового телевидения есть спец сайт


[url=https://trikolortv-kabinet.ru/propali-kanaly-na-trikolor-tv/]пропали каналы триколор тв[/url]


Если Кому дверь нужна - вот ммылка


[url=https://onixdoor.ru/]двери стальные входные[/url]

Тут несколько комментариев для вас мои читатели


[url=https://www.paritet-dveri.ru/catalog/category/metallicheskie-dveri-v-dom/]дверь в дверь[/url]

На этом все господа

Пікір қосу
ЕСІМІҢІЗ:
E-Mail:
Код:
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Құпияны енгізіңіз:
Janalyqtar toptamasy
Қытайлық әйелдер еуропалық еркектерден бала туғысы келеді21:27АҚШ президенті Дональд Трамптың рекорты, неден? Және қалай жасалды?21:04Жерді айналып жүрген басқарылмайтын денелер20:53Жаңа Зеландияда жанартау атқықылауынан зардап шекендердің ішінде қазақстан азаматтары барма?20:22Ресейлік «Балтийский завод»ядролық кеме жасауда, қашан пайдалануға бермекші?20:09КХДР ядролық қарудан АҚШ-тың өзін арта қалдырмақпа?20:02Қытай АҚШ импортына қосымша тарифтерді қашан енгізбек?19:51Пушкинді өлтіргеннен кейін Дантес қалай күн кешті?19:35Қазақ тарихы туралы туындыны неге Қырымда түсірді?19:25Түркия АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін сатуып алуға мүдделі19:20Ұлылардың ғашықтық хаттары (Эпистолярлық жанр)18:52Қырғыз республикасында Владимир Путиннің ескерткішін орнатты17:53Қырғыстан шенеуніктеріне дін үйретпек17:51Олжас Сүлейменов "Алма-Ата" атауын қайтаруды ұсынды15:18Коммунистер Путин мен Медведевтің отставкаға кетуін талап етуде15:12Тоқаевты Тәуелсіздік мерекесімен кімдер құттықтады?12:00Жапония Куриль аралдарын «қайтаруды» талап етті11:22Қазақстанның басым бөлігінде температура төмендеуі мүмкін10:10АҚШ болистикалық зымырандарымен қорқытуда09:30Жауынгер медальі 75 жылдан кейін отбасын тапты16:09Әбілқайырдың өлімі: Кіші жүздің ханын не үшін өлтірді?15:28Ғалымдар адамның табиғи өмір сүру ұзақтығының қанша жыл екенін анықтады13:55Ресей мен Украина Венадағы газ транзиті жөніндегі келіссөздерді аяқтады13:49Тасмағамбетов Ресейдегі елші қызметінен кетеді. Кінәлі кім?13:06Франциядағы киоскілерде Тоқаевтың портреті көбейді02:152020 жылы Алматы көшелеріне бірқатар өзгерістер енбек02:01Мақпал Жүнісова әкімнен алған төсбелгісін көрсетті02:00Белгілі қазақстандық спортшы мемлекеттен 800 млн ақша жымқырды01:56Белгілі ғалым Сұлтан Сартаев өмірден озды20:25Қазақстандағы қысқы демалыс үшін ең керемет 5 орын16:16Қазгидромет: демалыс күндері ауа-райы қандай болмақ?15:07Қазақстандықтар ұялы байланыс құралдарын пайдаланудан нешінші орында?15:05Ғалымдар масалардың ең «сүйікті» қан тобын атады14:25Трамп қазақстандықтарға үндеу тастады13:46Қазақстанда нан, ет және балық бағасы өсті13:14