Швейцарияның Ньон қаласында 2022/2023 жылғы маусымдағы УЕФА Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.
Келер жылдың 24 және 29 наурызында өтпелі матчта Қазақстан Молдова құрамасын жеңіп өтетін болса, онда құрамамыз С лигасында қала береді. Осыған орай Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасына Словакия, Беларусь және Әзербайжан құрамалары қарсылас болып шықты.
Ал егер Қазақстан құрамасы екі ойынның қорытындысында Молдоваға жол беретін болса онда D лигасында өнер көрсететін болады. Ондай жағдай орын алған кезде біздің командамызға Лихтенштейн, Андорра және Латвия құрамалары қарсылас болады. Топтық кезеңнің матчтары 2022 жылдың маусым айында басталады.
Басып шығару