"Бізде Мемлекеттік Думада отырған олимпида чемпиондары жетерлік және оның бәрі - допинг күшімен жеткендер. Допинг арқылы чемпион болғандар, допингке қарсы заң енгізе алады ма? Мен WADA-ны бұрыннан қолдап келем және осы шешіміне толық келісем", - деді биатлоннан 4 дүркін әлем чемпионы Александр Иванович Тихонов
Еске сала кетейік әлемдік допинке қарсы ұйым - WADA Ресейді әлемдік додалардан 4 жылға шеттетіп, әлемдік додаларға қатысуына және өткізуіне тыйым саған болатын.
Бұған себеп - тәуелсіз сарапшылардың RUSADA (ресейлік допинке қарсы ұйым) зертханасынан табылған, теріс болса-дағы тиісті жеріне жіберілмеген зерттеу нәтижелері.
RUSADA бас менеджерінің орынбасары Маргарита Пахнотская WADA-ның Ресейге қарсы санкциялар енгізу туралы шешімі біршама уақыттан бері болжанғанын мойындады.
Алайда істі қайта қарауға өтініш 21 күн ішінде берілетін болса, зерттеу жұмыстарын басынан бастауға болады. Бірақ әзірге Ресей тарапының асығар түрі байқалмайды.
Сонымен бірге ұйым, бұл «таза» спортшыларға әсер етпеуі керек деп аттап көрсетті.
Оқиға желісінің әрі қарай қалай өрбитінін білу үшін
Bairaq.kz – пен болыңыздар!
Басып шығару