Синхронды жүзуден Қазақстан командасы топтық сында 15-ші орын алды

  • 17 июл, 17:19
  • Көрілім: 367
BAIRAQ.KZ -Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды bairaq тілшісі olympic сайтына сілтеме жасап. Бүгін синхронды жүзуден топтық сында еркін бағдарлама аяқталды деп жазады Olympic.kz.  Әлия Каримова жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 27 команданың ішінен 15-ші орын алды.  Қазақстан командасының еркін бағдарламасын қазылар 80.5667 ұпайға бағалады.  Ал әзірге ресейліктер 97.7667 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында Қытай (95.7667), үшінші орында Украина (93.9667) құрамалары. Топтық сында Қазақстан намысын Екатерина Симонова, Ольга Ездакова, Елена Крылова, Әйгерім Құрманғалиева, Жәния Жиенғазы, Карина Абдулина, Этери Какутия, Наргиза Болатовалар қорғаған болатын.

Арайлым Мельдешова
  
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру