Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі және бапкері Абдулманап Нурмагомедовтың өкпесінің 75 пайызы коронавирус инфекциясының кесірінен істен шыққан. Бұл туралы Нурмагомедовтар отбасының досы Рамазан Рабаданов айтты.
«Ол әлі де Мәскеуде жатыр. Өкпесінің 75 пайызы істен шыққан. Дәрігерлер оны алғашында оны комадан шығарып алған, артынша қайтадан комаға жіберді. Ол сөйлей алмайды, жағдайы өте ауыр. Сауығып кетеді деп үміттенеміз», - деді Рабаданов.
Еске сала кетейік, чемпионның әкесі 25-сәуір күні коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілген. Оның жүрегіне ота жасалып, инсультті жеңіп шықты. Қазір Мәскеудегі госпитальдардың бірінде ем алып жатыр.
Басып шығару