Елбасы қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
«Қазіргі жағдай мені қатты алаңдатады. Біз және біздің халқымыз осы 30 жыл ішінде едәуір қиындықтарды бастан өткердік. Жастар бұл мәселелерді елестете де алмайды. Қазақстанда 130 кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты, 2,5 миллион адам жұмыссыз және айлықсыз қалды, үйлерде жылу болмады, тамақ тапшылығы болды, біз бәріміз бұдан бірге өттік », - деді Елбасы.
Ол Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық салада үлкен қиындықтарды бастан өткергенін еске алды.
«Егер біз көпұлтты халқымызды біріктіріп, тұрақтылықты қамтамасыз ете алмасақ, бүгінде біздің елімізге шетелдік инвестициялар келмейтін еді, экономика дамымайтын еді. Әрине, мемлекет басшыларына тиісті міндеттер жүктелді, бірақ бейбітшілік пен келісімді сақтау - бұл ең алдымен , халқымыздың жауапкершілігі », - деді Нұрсұлтан Назарбаев.