Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы кезеңге еріктілерге арналған бірқатар міндеттерді атады.
Алдағы кезеңде біз бірнеше маңызды жайларға ерекше назар аударуымыз керек. Біріншіден, жастарға арналған жыл қорытындысын шығару рәсімінде мен қоғамымыздың нақты мәселелерін шешуге арналған бірқатар мақсатты жобаларды атадым. Ауыл жастары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлер қолдауды қажет етеді, - деді Тоқаев еріктілердің кезекті бір кеңсесінің ашылуында.
Ол еріктілердің күш-жігері құқықтық сауаттылық пен экология саласындағы көптеген мәселелерді шешуге, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтауға, еліміздің батырларын еске алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Азаматтар жаһандық және аймақтық мәселелерді шешетін халықаралық еріктілер бастамаларына белсенді қатысуы керек. Қазақстан 116 елден 20 миллионнан астам адамды біріктіретін жаһандық экологиялық компанияның дүниежүзілік климат күніне қосылуға дайын. Қазақстандықтардың БҰҰ-ның, ЮНИСЕФ-тің және басқа да халықаралық бастамалардың ерікті бағдарламаларына қатысуы әртүрлі мемлекеттердің тәжірибесімен танысуға және еріктілердің озық тәжірибесін біздің елімізге тартуға мүмкіндік береді », - деді Қазақстан Президенті.
Басып шығару