Mazir
16 ноя 08:41korilim:925 Sayasat / Qazaqstan

Уақыттың өзіне де уақыт керек

Тіршілік жолында жүзеге шығарайын деген ісіңе бөгет болатын көбінесе үлкен істер емес, ұсақ істер, ұсақ нәрселер; олардың бөгетшілік күші үлкендігінде емес, көптігінде.

Ахмет  Байтұрсынұлы

Ахаңның осы бір жолдарындағы «...олардың бөгетшілік күші үлкендігінде емес, көптігінде», – деген сөзі төңірегінде түрлі ойға қалдым.

Не көп?..

Ашып айтсам, әркім еркін ойлап, ойын ашық жеткізе алмайтын қоғамнан даму күтудің өзі парадокс! Тек еркін ой дегенді аузыңа келгенді айтып, әркімдерді бір қаралау немесе орынсыз ода жазу деп түсінбеуіміз керек еді. Өкінішке қарай бүгінгі баспасөздің жайынан соны анық көруге болады.

Негізі ешбір басылым еш уақытта қолжаулық болмауы тиіс, газет халықтық трибуна болуы керек!

Кейде сол газеттер трибуна бермей қойған дүниеңді әлеуметтік желіге жүктей салған да жеңілірек. Бірақ аға буынның көбісі әлі күнге оны әдетке айналдырмағандықтан негізгі оқырман қауымға жетпей қала ма деп алаңдайсың. Болмаса мәселе, қайда жазғаныңда да емес. Ойыңды дұрыс жеткізе алғаныңда және сол көтеріліп отырған машақатты ұлт болып талқылап үйрену мәдениетін қалыптастыруда болып тұр.

Қайсыбір әлеуметтік желіде болмасын аузына келгенін айтып, арнайы тапсырыспен жабыла талайтын «қоғамдық ой» иелерінің қорқынышынан жеке-дара ашық ой білдіріп жататындар да некен-саяқ.

Әлде бір жағдайда жұрт назарын басқа жаққа аудару үшін ортаға бір "тақырып" тауып тасталса болды, барлығы соны «талауға» құмар. Ақиқатын, анықтап алайықшы деген жан саусақпен санарлық. Әлде, әлгі, Ахаң айтқан «ұсақ істер мен, ұсақ кедергілер келтіретін бөгетшілік күші» деген осы ма екен?

Ал әлеуметтік желілерді әлеуметтік әжетхана деп есігін ашпайтын ағаларды да естіп жүрміз. Бірақ бүгінгі күнді әлеуметтік желісіз елестетудің өзі?.. Кім білсін? 

Міне, көрдіңіз бе, осы тұста баспасөздің рөлін түсінген боласың. Бірақ жоғарыда айтылған себептермен әлеужеліге "әлей болсын" айтып бара қалсаң ше?..

Бұл жерде де әр жазғаныңды аңдып, ши үстінен шіркей ататын «сұрмергендей» мылтығын кезеп дайын отыратын топтың бары ешкімге жасырын емес. Тасадағы тапсырыс бергіштерді жыға танымасақ та шырамытатындай шамаға келгенбіз.

Кей жазбаңды оқи сала, әне, айттым ғой, бұл биліктің адамы, – деп алақайлауға да әзір.

Мүмкін, бірде қаттырақ айтармыз, бірақ жалған айтқан, жала жапқан жеріміз жоқ. Ол үшін билік біткенмен бітіспес жау екен деген де көзқарас қалыптаспауы қажет.

Өкіметтің жылағанын көрсем рақаттанам, ха-ха-ха!, – деп Құдыреше қарқылдай күлмейміз, бірақ керек жерінде «үкіметтің жұмысын жылдамырақ жолға қойса жөн болар еді», – деген ойымызды ашық жеткізгеніміз үшін бізді жау санау артық.

Керісінше, білдей бір ұлттың идеологиясынан әлеуметтік желінің идеологиясы жоғары болмаса екен; Ақпарат құралдары аталатын басылымдарды әлеужелі басып озбаса екен; Ол жақтағы рас-өтірігі нақтыланбаған небір лас дүниелердің жастарымыздың, тіпті ұлтымыздың санасын уламаса екен десең, мұның несі сорақы? Мұның бәрін не үшін тізіп отырмын?

Иә, «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», – демекші, талай даулардың басына айналған кезекті науқан тағы бір сайлаудың уақыты жақын қалды. Желілерде желдей ескен әлемтапырық дүниелерді оқып отырып кейде тіпті, денең түршігеді.

Біріншіден, бұл жолғы кандидаттардың Тоқаевтан басқасы елге жақын таныс емес. Ал оппозиция атаулының додаға бір азамат тауып қоса алмағаны, тіпті өкінішті. Оны мойындайық. Оның үстіне, сайлау жақындағанда ғана шуылдап, қалған уақытта «қалың ұйқыға кететіндерді» лайықты оппозиция дей аламыз ба? "Аяқ астынан жарияланған сайлау!", - деп кезектегідей дүрлікпес үшін қоғам өмірінен сырт қалмай үнемі елмен бірге болса кім қой депті?!

Екіншіден, «Көрмес, түйені де көрмес», – дей бермей, бір сәт: «Заман қалай, адам қалай өзгерді?..» деп бүгінгі оң өзгерісті де айтып үйренейік дегім келген. Шүкір, отыз жыл бойы өзгерместей болған Назарбаев дәуірінің көшкенін де көз көрді.

Тек, «Жетімекке жел қарсы», – деп, қазір әлемде ушығып тұрған геосаяси жағдайға байланысты барлық жерді қымбатшылық қысып тұрғаны да, шиеленіскен ұлттық ахуалдың өршіп тұрғаны да жасырын емес. Бірақ оның зардабын жалғыз қазақ емес, барлық әлем тартып отыр десек, тағы жалған айтқан болмаспыз. Міне, осының өзін көзір картадай пайдаланғысы келетіндер аз емес және негізінен олардың кімдер екені де белгілі.

Бүгін ұзақ уақыт сол «команданың» серігі болған адамның ел билігіне келуіне күмәнмен қараушылар баршылық. Негізгі күмән осы ғана деп ойлаймын. Дей тұрғанмен өмірдің өзгергенін әрине, жақсы жағына, күнделікті көзіміз көріп отырып үндемей қалудың өзі қалай болар екен?

Кешегі күні: «Өй, оны Назарбаев өзі сайлады», – дегеніміз өтірік емес қой? (ішінде өзім де бармын). Өтірік емес. Өйткені сондайға саятын. Ертең сол Назарбаевты түгел әшкерелеп жатса тағы: Өзі адам қылып еді, енді өзін...», деп өзеурейтініміз өзге түгіл өзімізге мәлім. Қонаевтың кезінде Назарбаев туралы, Назарбаевтың тұсында  Қажыгелдин туралы тура осылай айтқанын қазекем ұмыта қоймаған болар? Мұны ешкім жоққа шығара алмас. Ендеше, неге екінші рет мүмкіндік беріп көрмеске? Неге сол «Өзі сайлаған адам, өзін...» дегізбес үшін, легитимді сайлауда таза жеңіске жетуіне қарсыласамыз? Мүмкін, бұл кісіге де «Мені халықтың өзі сайлады», – деген сенім керек болар? Таза адамға жаңағы айтылған сөздердің бәрін жоққа шығару үшін де, осылай аяқ асты сайлау өткізу саясаты қажет болған шығар? Әлде, басқа да шұғыл себептер? Шынымен өзін сынап, елінің үміт артқанын көргісі келсе ше? Бар керегі сол болса оның несі айып?

«Қажеттілік қағидасымен» қазаққа танымал болған Әкежан Қажыгелдиннің: «Адамға үш сом бердің бе, енді толық бостандық бер. Әйтпесе, сенің берген үш сомыңнан не пайда?», – деген қағидасын қайда қоямыз? Биылғы сайлау да сол тәмсілді қодануға сұранып тұрғандай.

Әрине, Тоқаев менің жарнамамды қажет етпес те. Тек азаматтық ойын айтуға әркім де құқылы дегенді барлығыңызға жеткізген түрім.

  Шындығында жай уақытта менің де билікпен тоқайласпайтын тұстарым жетерлік. Қай нәрсенің де өз уақыты бар. Қазір бір түсінгенім тек Тоқаев емес, биліктің бір адамын көрсек жамандай беру біз үшін әдетке айналып кеткен  сияқты. Түсінемін, оған кінәлі 30 жыл ойына келгенін істеген режим! Біз әлі күнге сол ойдан арылар емеспіз. Әйтпесе, күні кеше қаңтарда Ақ ордада аяғына дейін қалып арпалысқан азаматтан кінә іздегеніміз жөн бе? Елін тастап қашып кетсе не болар еді? Бүгін баламыздың балағын кесіп, қыздарымызға қара жамылдырып, пәренже кигізіп отырар ма едік, ширк, ширк, – деп, кім білсін?

     Негізі, қазақтың Құдайы бар. Шын айтам. Міне, бітті деген талай жерде осы ұлтты қорғап қалудан жаңылған емес. Бұл жолы да солай болған секілді. Иә, бәріміз жаттап, жабысып алған «Стрелять на поражение!», – деген сөздің астарына шын үңіліп көрдік пе? Кім өз халқына «оқ жаудыр!», – деп бұйрық береді? Әрине, жоқ! Ендеше, бұл бұйрықтың қалай және не үшін берілгенін неге таразыламаймыз? Әшейінде: төңкеріс керек болса бізге айтыңдар, екі КамАЗ тас болса болды, тас-талқан ғып қуып шығамыз, – деп екі бірдей президентін елден бездірген айыр қалпақты ағайындардың ұтқаны қайсы, біздің ұтылғанымыз қайсы? Саралап көрелікші.

Қадыр Мырза-Әліше айтқанда:

Ұлт болып, ұйып келе жатқан кезде,

Сан мәрте сүт күйінде төгіліпті...

Йә, кеше, тәй-тәй басып тәуелсіздікке ұмтылған 36 жылдық аралықта қазақтың қаны төрт мәрте төгіліпті!

Ең алғаш 1986 жылғы Желтоқсан қаны...

Ол қанды «біреулер» Қонаевтың мойнына ілуге тырысқан...

Онан соң, 2006 жылғы Шаңырақтағы Бақай қанын, Иманғали мен Аронның мойнына артып, 2011 жылғы Жаңөзеннің де қанын тағы «біреулерге» жүктемек болғандар, Қаңтардың қанын Қасым-Жомартқа іле саламын деген есебінен жаңылмады! Қалай ойлайсыздар, таныс қолтаңба сияқты емес пе? Осы төрт бірдей қантөгістің айырмашылығы неде? Билікпен бітімге келмегендердің бәрі қан арқалаған сияқты көрінбей ме? Ойланайықшы?!

Қан арқалау ешкімге де оңай емес!

Кешірілмейтін күнә. Сондықтан байыбына барған жөн.

Сын сағаттарда Ақ ордасын тастай қашпаған басшысы секілді қалың нөпірдің ортасынан табылған Қанат Бозымбаев, Нұрлан Ноғаев, Ералы Тоғжановтай азаматтар біле-білсеңіз ерлікке пара-пар өнеге көрсетті. «Мыналарды құрбандыққа шаламыз!», – деген топтың ортасында қаймықпай тұра білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Оны мойындауымыз керек! «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе...», – дегенді де естен шығара бермейік. Білмеймін, ана «системаны» айналып өте алмаған тұстары бар да шығар. Олай кінәлайтын болсақ сол уақытта, сол қоғамда өмір сүргеніміз үшін-ақ бәріміз де кінәлі болып шығармыз, бәлкім?! Ендеше, мұндай азаматтарға сенім артудан неге қорқамыз?!

Ал ана музейді кеудесімен жапқандай қорғап қалған замандасымыз Бибігүл Дәндіқарақызымен неге мақтанбасқа?! Қазақтың сондай аруларын неге мәпелемеске? Одан да басқа ескерусіз қалған ерлерімізді неге ұмытамыз?! Әлі талайы анықтала да жатар. Еш нәрсе де мәңгілік құпия күйінде қалуы мүмкін емес. Олай болса, болашақта бұлармен  мақтанатын да болармыз?

Иә, бәріне уақыт төреші!

Тақырыпқа қойылған «Уақыттың өзіне уақыт керек!» деген сөздің астарында осы бір бәкене ой жатыр. Уақыт берелік. Сенім арталық. Ірә болмай жатса халықтан асқан қаһарлы күштің жоғын бұл азаматтар көзімен көрген. Сол ғана. Ал тап қазір, есін енді жия бастаған халықты көшеге шақыру бұл дұрыс емес! Кезекті қантөгісті аңсайтындардың арбауына түспеу керек! Одан халықтың ұтары шамалы.

Халықтың атынан сөйлейтін сен кімсің?!, – демес үшін, менің ойыма қосылатын елдің атынан ғана айтайын дегенім: біз Сізге сенім артамыз Қасым-Жомарт Кемелұлы! және бұл шешімімізді өзіңізге артылған аманат деп те біліңіз!

Енді бір мәселе, осы сайлаудан соң шын «Жаңа Қазақстан» құрамыз деген ой болса біраз құрылымдар мен министрлердің қызметін қайта қарап, Елім-Жерім деп жүрген азаматтарды сыртқа теппей, керісінше сенім артып, ақсап жатқан салаларға жұмылдырып көрген де дұрыс болар.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», дейді. «Келісіп пішкен тон келте болмас», – деген де бар.

Ал жорналшы, блогер қауымға әлгі: Сынық үстелдің астындағы тесік шелек, – деп ылғи кем-кетігімізді тере бермей жақсыны жақсы деп, осы үкіметтің құрамында халқының көңілінен шығып жүрген азын-аулақ депутаттар мен министрлерді де орынсыз сынап-мінегенді доғарған жөн секілді. Бұл оларға мүлдем тиіспең деген де сөз емес. Орынды сын керек. Демократия дегеніміз «Тисе терекке, тимесе бұтаққа», – деп бас-көзсіз төпелей беру емес. Осыны дұрыс түсінетін уақыт жеткен сияқты. 

Р.S.

«Даланың өз заңы, өз тәртібі бар. Онымен санаспасқа ешкімнің қақысы жоқ. Қала, қалама – бәрібір мойындайсың, тәртібіне көнесің. Дала перзенті екенсің, маңдайыңа жазылғаны сол. Одан басқа жол жоқ, болса, ол – өлім. Қасым сұлтан мұны сол кішкентай кезінен-ақ сезінген еді».  

«ХVI ғ. бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи сахнасында мәңгі орын алып, жарты мың жылдан аса сақталып келе жатыр. «Қасым ханның қасқа жолы» осының куәсі!», – деген жолдардан Есімханның ескі жолын бұзып, қасқа жол түзеген Қасым ханды қазақтың не үшін қадірлегенін ұғасың!

Ешқандай фондтан қаламақы төленбеген. Азаматтық көзқарас деп білсеңіздер қателеспейсіздер.

Нұрымжан Керейұлы

Дереккөз: фейсбук

Басып шығару
lasuna order online - buy himcolin no prescription himcolin pill

buy neurontin cheap - sulfasalazine 500mg generic how to get azulfidine without a prescription

buy cambia generic - generic aspirin 75mg buy aspirin pills for sale

mebeverine 135 mg drug - mebeverine 135 mg brand cheap pletal

buy mestinon 60 mg for sale - buy mestinon 60 mg for sale where can i buy imuran

rumalaya online order - purchase rumalaya generic buy endep 50mg without prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15