Өкінішке орай, Қайырбекованың қызметінде кемшіліктер орын алып, ҚР Білім және Ғылым министрлігі жүктеген міндеттер орындалмаған.
Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңын және «ОҚМПУ» Жарғысын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 7 ақпандағы бұйрығымен Анар Қайырбекова қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Енді конкурс қорытындылары шығарылғанға дейін, бос орынға проректорлар арасынан басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің шенеуніктерін сыбайлас жемқорлыққа байланысты айыптаған әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің бұрынғы директоры Анар Қайырбекова өткен жылдың қазан айында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалған болатын.
Басып шығару