Жаңа қызметтің тізгінін Айдаров Алмас ұстады.
Мемлекет басшысының бұйрығымен Айдаров Алмас Айдарұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Айдаров Алмас Айдарұлы 1983 жылы 25 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келді.
2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған болса, 2009 жылы Президенттік басқару академиясын бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМҚК ішкі аудит жөніндегі маман, инвестициялық инженері (2004-2006 жж.);
· Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің жетекші маманы (2006);
· Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколының сарапшысы (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі) (2006-2012 жж.);
«OKHK Engineering» ЖШС («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ компаниялар тобы) басқарушы директоры (2012-2014 жж.);
· «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі »АҚ басқарма төрағасының орынбасары,« Kazakh Invest »ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры - Басқарма мүшесі (2014-2017 жж.);
· Қарағанды облысы әкімінің өнеркәсіп, ШОБ дамыту, индустрияландыру және инвестиция мәселелері жөніндегі орынбасары (2017 жылғы 28 маусымнан бастап).
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Алмас Айдаров кеудесіне пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын.