Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының басшысы қазір қамауда отыр.
«Сот аталған істің анық-қанығын тексеріп-тергеуге пәрмен берді», - деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Еске салайық, судья қарызы бар қазақстандық азаматтың шетелге шығуын қамтамасыз етуге уәде етіп, көлемді пара алған деп күдікке ілінген. Желіде аудандық соттың басшысының ұсталған сәтіндегі видеосы тарап кетті.
Қылмыстық іс Қазақстанның Жоғары Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықты алдын ала ескерту бөлімімен бірігіп жасалған деген күдік бар.