Mazir
23 авг 14:09korilim:739 Sayasat / Qazaqstan

Экология министрі киіктер туралы: Келесі жылы ақылы аңшылық басталуы мүмкін

Қазақстанда киік санын реттеу мәселесі қазан айында шешіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл мәселе бойынша әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Біз қазір көпшіліктен келіп түскен ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Мәселен, адамдар киіктерді атпай, басқа өңірлерге мәжбүрлеп көшіруді ұсынған еді. Өкінішке орай, ғылыми қауымдастық бұл әдісті тиімсіз деп атады, өйткені мәжбүрлеп айдағанда киіктердің өлу қаупі жоғары және олар тарихи мекеніне қайтып келуі мүмкін. Сондықтан бұл ұсыныс қабылданбады», - деді С. Брекешев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ қасқырлардың санын көбейту ұсыныстары келіп түскен, министр мұның да киіктер санын бір мезетте реттей қоймайтынын айтты.

«Негізінен қасқырды «орман санитары» деп атайды, ол әлсіз, ауру жануарларды тартып жеп, популяция құрамын жақсартып, киік санын керісінше көбейтіп жібереді. Қазір ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстанның агросақтандыру қауымдастығымен бірлесіп, жайылымдар мен егістіктерді агросақтандыру, киік таптауынан ауыл шаруашылығына келтірілген залалды бағалау әдістемесін әзірлеуді қарастырып жатырмыз. Негізінде сақтандырушыларда бұл мәселе бойынша белгілі бір түсінік бар, сондықтан осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді С. Брекешев.

Сонымен бірге спикер батысқазақстандық шаруалардың мәселелері мен шағымдары өздігінен шешілгенін айтты, өйткені киік – көшіп-қонатын жануар, бүгінгі күні олар осы ауданнан өз жолдары бойынша көшіп кетті. Сондықтан қазір егістікті таптау сияқты проблема жоқ.

«Дегенмен, біз қазір Ғылым министрлігімен бірлесіп, белгілі бір жұмыс жүргізіп жатырмыз. Күзде анализ жүргізу үшін 500 киік ауланады, олар ату жолымен алынбайды. Киіктер тірі күйінде ұсталады, талдамалар алынып, барлық киік табиғатқа шығарылады. Сондай-ақ біз келесі жылға спорттық-әуесқойлық аң аулау ұйымдастыруды қарастырамыз. Бұл ақылы аңшылық болады. Негізінде, бұған дейін біз ақбөкеннің Қызыл кітапқа енбегенін айтқан болатынбыз. Киік аулауға тыйым 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін салынған. Бұл мәселелер қазір қаралып жатыр, жақын арада, қазан айының соңына дейін нақты бір шешімге келеміз», - деді Серікқали Брекешев.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15