Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірлігіне ресми іссапармен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған еді.
Президенттің Абу-Даби шейхі, мұрагер ханзада Мухаммед бен Заид Аль Нахаянмен жоспарланған келіссөздері бар екен. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың ауқымы туралы мәселелер сөз болмақ. Сондай-ақ, мемлекет басшысы ресми сапарында БАӘ-нің кәсіп саласының өкілдерімен де кездесуді жоспарлап отыр.
28-қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің вице-президенті, премьер-министрі шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактумомен кездеседі. Сондай-ақ, Дубай халықаралық қаржы орталығына арнайы барып, бірқатар кәсіпкерлермен бас қоспақ.
Басып шығару