Әбілқайыр Сқақовты облыс басшысы етіп тағайындау туралы жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.
Жаңа әкімнің жасы 45-те. Екі түрлі мамандықтан жоғары білім бар. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын және Семей мемлекеттік университетін бітірген. Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын, Ломоносов атындағы МГУ-ды тәмәмдаған.
Сқақовтың мемекеттік қызметте жұмыс жасап келе жатқанына 24 жыл, оның ішінде басшылық өтіліне 15 жыл толған.
2012-2014 жылдары ол ҚР Қаржы министрінің орынбасары, кейін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы, 2016 жылдың 1-желтоқсанынан бастап ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, 2019 жылдың 23-сәуірінен бастап ҚР Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің басшысы сияқты қызметтерді атқарған.
Павлодар облысының жаңа әкімі «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерең еңбегі үшін» (2014), «Салық саласының үздігі» (2011), «Қаржы саласының үздігі» (2012), Мемлекеттік қызмет үздігі» (2014) сияқты медальдардың иегері.
Басып шығару