Абай облысы Үржар ауданында Алакөл жағасындағы демалыс орны өртеніп кетті. Бес сағат бойы жанған алапат өрттен 3 мың шаршы метр демалыс аймағы отқа оранып, 7 адам зардап шекті.
Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлауынша, өрттен 4 демалыс орны бүлінді. Бір-біріне жалғап салынған ағаш үйлерге қызыл жалын жылдам тараған. Оның үстіне қатты жел де өртті сөндіруге кедергі келтірген. 5 сағат 40 минутқа созылған алапат өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті және полиция, жергілікті органдардан келген 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды. Өрттен зардап шеккен 7 адам медициналық көмекке жүгінгенімен олар ауруханаға жатудан бас тартқан.
Қазір өрттің неден шыққаны анықталып, оқиға орнында оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр.
Басып шығару