Елбасы мен мемлекет басшысының бұйрығына сәйкес, Қазақстан мен АҚШ Үкіметі арасында әуе қатынастары жөніндегі келісімшарт жасалды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Үкіметі тарапынан келісімге Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Атамқұлов Бейбіт қол қойса, келесі тараптан бұл құжатты АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер растады.
«Бұл келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ұсынған «ашық аспан» қағидасына сәйкес, АҚШ пен Қазақстан арасында тікелей әуе тасымалын жасауға мүмкіндік береді. Келісім бойынша екі тарап та рейстердің жиілігіне, тауар тасымалының көлеміне ешқандай шектеу қоймайды», - деді министрлікте.
Әуе тасымалы туралы келісімшарт екі ел арасындағы саяси-экономикалық, мәдени және туризм бағыттарындағы қарым-қатынасты нығайта түспек.
Басып шығару