Mazir
01 сен 03:14korilim:17 932 Qazaqstan / Madeniet / Adebiet

Есенғали поэзиясынан қазақтың ғана емес, күллі түркі дүниесінің рухы сезіледі...


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Қасымхан Бегмановпен әдебиеттанушы, ғалым Ербол Тілешовтің сұхбаты
  • Бұрын да, қазір де Есенғали Раушановтың поэзиясы ешкімге ұқсамайтын ерекше» деген пікірді жиі айтамыз. Сіздің ойыңызша, осындай ерекшеліктер неде және оның себептері жөнінде өз пікіріңізді айтсаңыз
    -  Есенғали Раушанов қазақ поэзиясына өзіндік үнмен келген ақын. Ол қандай тақырыпқа жазса да көкірек көзіне тоқыған сезімдерін мөлдіретіп жазды. Есенғали өлеңдері адам мен табиғаттың тылсым сырларынан бастау алып ерекше тебіреністерге бөлейді. Мен өз басым, Есенғали поэзиясының ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі ұлттық бояуының басымдығында дер едім. Себебі, оның өлеңдері ежелгі түркі поэзиясынан бастау алып,  жыраулар поэзиясынан нәр алған. Ақынның кез келген шығармасында  (лирикалық өлеңдерінде, поэмаларында т.б.) адам тағдыры асқан сыршылдықпен өріліп, халқымыздың салты мен дәстүрі, дүниетанымы мен ғұрпы боямасыз суреттелді. Бір сөзбен айтқанда,  ол өлеңді  жүрегімен жазатын. Есенғалидың ақынға тән басты ерекшелігі асқан сезімталдығында. Ол қандай тақырыпта жазса да, терең зерттеп, көп ойланатын, көп толғанатын.  Содан болар, оның өлеңдерінде сөз бен ой өзара үндесіп, әдемі қабысады. Оның поэтикалық лексиконы өте бай. Төгілдіріп, нөсерлетіп жазды.    
  • Сіздердің шығармашылығыңыз екі саяси қоғамдық жүйеге, яғни кеңестік және тәуелсіздік кезеңдеріне келді. Есенғали Раушановтың өлеңдерін оқығанда осы екі дәуірдің жігі қатты байқалмайтын сияқты. Осыған байланысты сіз не айтар едіңіз, осы тұтастықты немен түсіндіруге болады? 
      - Иә, біздің шығармашылығымыз екі саяси қоғамдық жүйеге тап келгені рас. Бірақ қандай қоғамда өмір сүрсең де, ақынның басты мұраты халқының сөзін сөйлеу. Ақындық деген жеңілгендер жағында болу. Әрине, кеңестік дәуір кезінде ақын-жазушылардың әрбір шығармасынан саяси астар іздеп, еркін көсілуге көп кедегілер болғаны жасырын емес. Сыңаржақ саясат үстемдігінің салқыны үнемі ызғар шашып тұрғандықтан, сан сырлы дарын иелері бойындағы қуат-жігерін толық аша алмады. Соған қарамастан, дәуірдің өзекті мәселелерін ұлт тағдырымен сабақтастырып, ащы шындықты бүкпесіз айтқан тұлғаларымыз да болды. Жеке бастарына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан,  қазақ халқының тағдыры, бақытты болашағы үшін шығармашылықпен тер төккендер шындықты айта білді. Ал, тәуелсіздік таңы атқан кезде еңсемізді тіктеп,  туған халқымыздың өткен тарихына  қатысты бұрын ашық айта алмаған, жаза алмаған тақырыптарды жаңаша, шабыттана жырладық.    Жалпы, біздің қазақ поэзиясы – ұрпақтар ауысқан сайын жаңа көзқарастармен жаңғыра түлеп,  сабақтастықпен дамып келеді. Қазақ өркениетінің  мыңжылдықтар белестерінен өтіп келе жатқан қасиетті поэзиясы ешбір қоғамдық жүйенің бұғауына бағынбайды. Бұған біздің алдымыздағы сан буын классик ақындар шығармашылығының өміршеңдігі дәлел бола алады. Есенғали өлеңдерін оқыған кезде екі дәуірдің айырмашылығының білінбеу себебі оның бағзы мен бүгіннің арасын жымдастыра алуында. Ол кез-келген өлеңінде ел мен жер тағдыры туралы тебірене жырлады. Сөз құдіретін қастерлеп, өзінің кесек ойларын әдемі кестелей білді. 
  • Есағаңмен әңгімелесу барысында қазіргі қазақ поэзиясы жөнінде не айтатын еді? 
     -  Есенғали  Раушановтың қазақ әдебиеті мен поэзиясы туралы және жекелеген белгілі ақын-жазушылар жәйлі естелік-эсселері мен сұхбаттары «Жаздың жұпар жаңбыры» деген жақында ғана баспадан шыққан кітабында  жарық көрді. Аталған жинақтың  328 бетінде Е.Раушанов  поэзия туралы былай деген: «Поэзияда бар немесе жоқ деген екі шет бар. Егер ол шетте болмасаң, қатардағы 700 жазушының бірі болып жүре бересің. Қазіргі жас ақындарға бірінші кезекте шынайылық керек. Өлеңді есеппен жазатындар көп.  Мүшайраға өлең жазып, бір жүлдені қағып кетейінші, несиемді жауып, жыртығымды жамайыншы деу дұрыс емес. Өлеңмен жан сақтап, онымен баюға болмайды. Баюдың жолын іздесең басқа шаруа істе»,-деп кесіп айтқан. Жалпы, Есенғали қазақ поэзиясының бүгінгі жетістіктері  мен олқы тұстарын терең білетін. Ол өлеңдегі жаңашылдықты формалық жаңашылдықтан емес, ақынның ойлау жүйесіндегі ерекшеліктен іздеді.  Жас ақындардың арасында талантты жастар болғанымен де, олардан әзірге жаңашылдық көре алмай жүргенін жасырған жоқ. Есенғали бүгінгі қазақ поэзиясында жүрген ақындарға көп іздену керектігін, әлем әдебиетін терең білу қажеттігін жиі айтатын. 

  Ақындық мінез күрделі болатынын өзіңіз ақын ретінде жақсы сезінесіз, жалпы ақындар арасындағы достық жөнінде ой бөліссеңіз. 

     - Ақындар арасында достықтың озық үлгісін  Қасым Аманжолов пен Абдолла Жұмағалиев, Қадыр Мырза-Әлі мен Тұманбай Молдағалиев көрсетті деп  айтар едім. Марқұм Абдолла Қасым туралы біреу бір ауыз артық сөз айтса араша түсіп, төбелесуге дейін барады екен. Қадыр аға  «Орал қаласында  Қ.Аманжолов пен А.Жұмағалиев көшелерінің қатар қилысып жатқанын көрсем»,- деп армандаумен өтті. Менімше, Орал мен Қарағанды қалаларында осы екі досқа көше аттарын берсе, әлі де кеш емес дер едім. Ал, Қадекең мен Тұмағаң екеуінің өзара шынайы достықтарына бірнеше рет өзім куә болдым. Ел арасында әртүрлі сөз айтыла береді. Екі ақын қатар шыққанан кейін  «олар бақталас екен», «бір-бірін көре алмайды» деген тәрізді сөздер болды. Бірақ мұның бәрі шындыққа жанаспайды.  Есенғали екеуіміз  бозбала кезімізден бастап дос болдық.   Тұңғыш жыр кітабымыз сонау 1980 жылы Өтежанның редакторлығымен, Жұмекеннің рецензиясымен бірге жарық көрген еді. Ол сол тұста менің кітабыма ғана «Қараша ауыл, қара бала, қара өлең» деген үлкен мақала жазды. «Шолпан жұлдыз туғанша» деген жыр кітабында маған арнап жазған өлеңдері бар. Мен де оның көзі тірісінде екі өлең арнап жазғанмын.       

Сырласы болған, жұлдызды аспан, бұла түн. 
Қараштан шығып, Алаштан асқан ұлы ақын, 
Жаңақорғаннан жаңбырда іздеп келгенсің, 
Бала Қасымды Бабайқорғанда тұратын, -деп жаздым. 

Есенғалидың руы Адай ішіндегі Қараш. Оның ұлы ақын екенін мен сол жас  кезімде-ақ осы өлеңіммен айтқан болатынмын.  Өмір болған соң, әртүрлі жағдай болады. Әркімнің өз шындығы бар. Біз де, өмірдің осы бір өткелінен айналып өте алмаған кездеріміз болды.   Бірақ осыдан  екі жыл бұрын Есенғали мені Түркістанға арнайы іздеп келді. Ол Түркістанға баяғы арманшыл бозбала кезін іздеп келгендей әсер қалдырды. Мен де Алматы жаққа елеңдеп, әлдекімді аңсап жүргенмін. Сол жазда онымен екі рет Түркістанда кездестім. Өткен жолы келгенде бізде уақыты құрғыр аз болды. Ол жолы бір купеде Алматыға тартқанбыз. Поезда түнімен сырласқанбыз. Екеуіміздің жастық шағымыз бірге өтті.  Баяғыда әкеммен талай сырласқан, шешемнің қолынан дәм - тұз татқан, Бабайқорғандағы біздің қарашаңырақта талай еркелеген күндерімізді еске алдық. Ол кезде жанып тұрған бозбаламыз. Басымызға бір идея келсе түн жарымы болса да, ойланбастан  тартып кететінбіз. Апақ - сапақта екеуміз талай қара жолмен бір жаққа зымырап кетіп бара жататынбыз. Келінтөбеге бірге талай барғанбыз. Оның өлеңіндегі Бәлшен әжеміздің басына қойылған құлпытасты інім Садырхан Есенғалидың тапсырмасымен Түркістанның ұстасына жасатқан. Есенғали кейде маған айтпай інілеріммен  тікелей өзі сөйлесе береді. Өйткені олар өз інісіндей болып кеткен. Екеуі Келінтөбеге бірге барып сол тасты бейітке  қойғанын мен кейін Садырханнан естідім. Сол жолы Есенғали ұлы бабамыздың басына барып құран оқыды. Кентауда түстік іштік. Алпыс жыл бұрын кіндік қаным тамған Хантағыға бардық. Түркістанға оралғалы балалық шағымның ізі қалған Хантағыға жолым түспеп еді. Есенғали екеуміз бірге бардық. Сырларын ішіне бүккен Қарнақтағы ескі мешітке соқтық. Бұл мешітке бұрын да бірге келгенбіз. Одан кейін екеуіміз елсіз Өгіз таудағы ата - бабамның ескі қонысы – «Тұрымбеттің бауына» бардық. Тұрымбет менің бабам, атам Бегманның әкесі. Бекарыстан бабамның  ұрпақтары жатқан бұл жерде атам Бегманның, әкем Сейітханның кіндігі кесілген. Суы сарқыраған, құсы жыртылып айырылған ескі жұртта Есенғали  құран оқыды. Ол менен кезінде сыйласқан аға - жеңгелерімді, біздің ауылдың адамдарын тәшпіштеп сұрады. Мен оның жадына, еске сақтау қабілетіне қайран қалдым. Есенғали ешкімді, ештеңені ұмытпапты. Ішіміз толып қалған екен. Бойымыздан ауыр жүк түскендей күй кештік. Түнгі Түркістанды кездік.  Ертеңінде  менің офисіме келді. Баяғы әдеті қалмапты. Кімді оқып жатқанымды, не жазып жүргенімді ерінбей - жалықпай сұрады. Бұрынғыдай еркін әңгімелестік. Ештеңені бүгіп қалған жоқпыз. Не айтылмады, халық тағдыры, әдебиет, мәдениет, бүгінгі қоғам жайлы сөйлестік. Есейген, ес тоқтатқан шақта ескі достың жаныма оралуын жақсылыққа жорыдым. Біз екеуміз бірге бармаған жер жоқ сияқты. Монғол даласындағы Төныкөк, Білге қағанның жазуларын көзбен көру үшін барған сапарымыз есіме түсті. Қызықты оқиғалар басымыздан көп өтті.  Қазір ойласам Есенғали сол жолы біздің елге қоштасуға барыпты-ау! 
 
  - Есағаң өлеңдерінің этнографиялық бояуы қалың, қазақи тұрмыс, ұлттық мінез терең суреттеледі. Сіздің ойыңызша, осы поэтикалық құбылыс бағзы жыраулар мен ақындардың жазылмай қалған жырларының жалғасы ма әлде XX  ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында болуға тиісті үдеріс пе? 

      - Есенғали Раушанов жыраулар дәуірінде қалыптасқан ғажайып поэзияны жаңа мазмұнда жаңғыртып, олардың  дәстүрін жалғастыра білген дара тұлға  деп айтуымызға толық негіз бар. Кез-келген ақын өзінің ұлттық әдеби мұрасынан сусындайды. Бұл Есенғалидың өлеңдерінен анық байқалады. Оның теңеулері, табиғат құбылыстарын суреттеуі, адамның жан-дүниесіндегі арпалыстарды дәлдікпен бере білуі, қазақ жырының өр рухымен өзектес.     Оның өлеңдерінде қазақи тұрмыс пен ұлттық мінездің боямасыз берілуін  табиғи ақындық болмысымен байланыстырғанымыз жөн. Есенғали поэзиясынан қазақтың ғана емес, күллі түркі дүниесінің рухы сезіледі.   Мұны  XX  ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында болуға тиісті үдеріс деп қабылдасақ та болады.  Есенғалидың отты өлеңдерінде көне дәуірден бүгінгі күнге дейін көзге көрінбейтін  жеткен асыл рухтың жалғастығы бар. Ол өзінің білімділігімен, ізденгіштігімен қазақ поэзиясына тың тыныс, өзгеше өрнек әкелді. 

    - Мұқағали ақынның: «Ақынның ақындығы атақта емес, Ақынның ақындығы ар да ғана» дегенін білеміз. Есағаң Мемлекеттік сыйлық алды, басқа да атақтары бар. Ол кісінің жалпы даңққа деген көзқарасы қандай еді, жалпы шығармашылық адамына атақ пен даңқтың қажеттілігі қаншалықты керек деп ойлайсыз?

     - Есенғали табиғи талантымен қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасын қалдырған классик ақын. Оның жүріп өткен шығармашылық еңбек жолы үлкен белестерден тұрады. Ол әдеби ортаға танылған жас кезінен бастап республикалық «Жалын», кейін «Арай» журналында қызмет етті. «Зерде» журналының бас редакторы, 1995 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін  «Жазушы» баспасының директоры болды. Есенғали қандай жұмысқа кіріссе де шын жүрегімен беріліп, көркейтіп жіберетін. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен  іскерлігіне тәнті болатынбыз. Ол ешқашанда да уақытпен санаспайтын. Бастаған ісін соңына дейін жеткізбейінше өзіне де, өзгеге де маза бермейді. Сондықтан да, Есенғали араласқан кез-келген жұмыс жемісін беріп, абыройлы аяқталатын. Өзі ширек ғасыр басқарған «Жазушы» баспасын жаңа жағдайға бейімдеп, небір тығырықтардан алып шыққанын көзім көрді. Осы баспадан ұлттық әдебиетіміздің классиктерінен бастап, қаншама ақын-жазушылардың, өнер қайраткерлерінің кітаптары жарық көрді. Сонымен бірге, оқулықтар мен хрестоматиялар, таңдаулы фольклорлық шығармалар, шетел әдебиетінің үздік туындылары да басылып шықты. Бұл айтуға оңай болғанымен де, кез-келген адамның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа. Ал, Есенғали болса істің көзін тауып,  осы баспаның беделін көтерді. Ол мұның бәрін атақ пен даңқ үшін жасаған жоқ.  Ел игілігі үшін жасады.  Менің пікірімше, атақ пен даңқ халқына мүлтіксіз, адал қызмет еткен адамға өзі келеді. Есенғали есімі ел арасына ерте танылды. Алдымызда жүрген үлкен ақындар Ф.Оңғарсынова, Қ.Мырза Әли,  Т.Молдағалиев т.б. оның өлеңдерін жоғары бағалады. Әрине, ел-жұрттың ыстық ықыласына ерте бөленген Есенғали ешуақытта да асып, таспады.  Тіпті,  Мемлекеттік сыйлықтың иегері болған кезде де, одан кейін де сол баяғы сабырлы, қарапайым  қалпында қалды. Ол өзінің азаматтық, ақындық ұстанымдарынан тайған жоқ. Ел-жұртына қалтқысыз қызмет етті. Шығармашылық адамдары ешуақытта да атақ пен даңқтың соңына түспейді. Егер жазған дүниесі ерекше құбылыс ретінде бағаланып жатса атаққа да, даңққа да бөленеді деп ойлаймын.  Менімше, шын таланттар елеусіз қалмайды.  Тірі кезінде ескерілмей қалса, уақыты келгенде тарих өзі алып шығады. Сондықтан, шын көңілден өз ісіңе беріліп, жаныңды салып жұмыс жасасаң түбі жемісін көресің.
Басып шығару
lasuna canada - how to buy lasuna himcolin cost

besifloxacin tubes - sildamax price sildamax over the counter

purchase probalan without prescription - monograph brand order tegretol generic

where can i buy mebeverine - cilostazol 100 mg brand cilostazol price

buy cheap rumalaya - rumalaya where to buy order elavil online cheap

buy mestinon no prescription - imitrex over the counter generic imuran 25mg

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15