Израиль әскері Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы әскери басшыларының үйлеріне шабуыл жасады. Бұл туралы әскердің баспасөз қызметі хабарлады. ХАМАС «Әль-Фаркаин» батальонының командирі Халед Манамара мен арнайы операциялар штабының бастығы Рейд Саадтың үйі қираған.
15 мамыр күні Израиль Газадағы халықаралық БАҚ кеңселері орналасқан ғимаратты қиратты. Осыған байланысты Ақ үй тәуелсіз БАҚ-тағы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Израиль тарапының басты міндеті екенін айтты.
Сурет: stmegi.com