Зейнет жасына шығуына байланысты жұмысынан босаған Қазақстанның Ресейдегі экс-елшісі Иманғали Тасмағамбетов елге оралады.
Фото: Zakon.kz«Ол Қазақстанға бір-екі күнде ұшып келеді. Бүгін немесе ертең. Бірақ заттарын жинап, елге қайтады. Аптаның аяғына дейін елде болатын шығар», - деді ҚР Ресейдегі елшілігінде кеңесші қызметін атқаратын Жанар Колбачева.
Біраз уақыт бұрын Иманғали Тасмағамбетов елшілікте бірге жұмыс жасаған әріптестерімен қоштасқан еді.
Еске сала кетейік, Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен мемлекет басшысының бұйрығымен босатылды. Себеп – саясаткердің зейнет жасына шығуы. Ол бұл қызметте 2 жыл 9 ай еңбек етті.
Басып шығару