Жұмысшылар тобы Жаңаөзендегі бірқатар әлеуметтік және өндірістік жобаларға барды. Нақтыласақ, аймақтағылар вице-премьерге технологиялық парктің жұмысын көрсетті. Аумағы 30 гектарды құрайтын технопарктің негізгі мақсаты – өндіріс саласында қызмет ететін кәсіпкерлерді бір жерге орталықтандыру.
Технопаркте сыртқы және ішкі инженерлік желілер, әкімшілік ғимараттар және өндірістік алаң қарастырылған.
Қала әкімшілігінің және «Атамекен» ҰКП жанынан біріккен жұмыс тобы құрылып, жер телімдерін бөлу жұмыстары жолға қойылған. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды реттеу тапсырылды.
Бүгінде бірнеше кәсіпкерден 37 тапсырыс түскен, олар жиһаз цехын, тігін шеберханасын, қағаз өндірісін, полэтиленді қаптамаларды өндіруге талапты.
Сондай-ақ, вице-премьер аймақтағы ірі құрылыстардың бірі – 50 науқасты қабылдай алатын медициналық орталыққа барды. Ғимарат 2014 жылы салынып басталған. Бірақ қаржының жетіспеушілігінен тоқтаған еді. Құрылыс жұмыстарын қайта жаңғырту келесі жылға жоспарланған. Жоба «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен жүзеге аспақ.
Басып шығару