Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жақсы жаңалық жария болды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20-ақпандағы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәліметтері бойынша Қазақстанда «қызыл» аймақта ешқандай облыс қалмады.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы, БҚО, Қостанай облысы, Павлодар облысы, СҚО. Қалған аймақтар мен қалалардың барлығы «жасыл» аймаққа өтті.
Біршама уақыт бұрын Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы азайғаны туралы ақпарат жарияланған. Өткен тәулікте елімізде 827 жаңа науқас тіркеліп, 860 адам дерттен айыққан.
Басып шығару