Еліміздегі үш ауысымды мектептердің көбі Алматы облысында. Өңірде оқушы саны жыл сайын 20 мыңға артады. Облыстағы емдеу мекемелерінің тең жартысына жуығы да жөндеуді қажет етеді. Әлеумет үшін маңызды проблемаларды шешу үшін аймақтың бес жылдық даму жоспары әзірленді.
Бағдарлама көпшіліктен түскен өтініштер мен шағымдар негізінде дайындалған. Жаңадан сайланған жергілікті мәслихат депутаттары жұмысына кірісті. Олар алғашқы күннің өзінде-ақ өңірдің даму жоспарын бірауыздан мақұлдап бекітіп тастады.
"Бұл ерекше бағдарлама. Олай дейтін себебім біріншіден, жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында тұрғындармен кездесу нәтижесінде дайындалған. Онда атқарылатын нақты жұмыстар мен индикаторлар көрсетілген. Өңірдің бес жылдық даму жоспары халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартады деп ойлаймын", - деді облыстық мәслихат депутаты Дамир Дигай.
Дереккөз: 24.kz
Басып шығару