Mazir
05 янв 15:06korilim:1 558 Qazaqstan / Adebiet

«Тарих толқынындағы хаттар»: Ұлық-Мұхаммедтің түрік сұлтанына жазған хаты


Bairaq.kz порталы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Кезекті ауқымды шара – Алтын Орда хандарынан бастап қазақтың кешегі айбарлы ұлдарына дейінгі аралықта жазылған маңызды хаттарды шолып шығу. «Тарих толқынындағы хаттар» деп аталатын жобаның тұсаукесер мақаласын мына сілтемеден оқысаңыздар болады: 

«Тарих толқынындағы хаттар»: Алтын Орда хандарының хаттары
***
Бүгінде қазақ жұрты Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толғанын тойлау үстінде. Өз деңгейінде ме, әлде жоқ па, оның бағасын ел берер. Біздің мақсатымыз – осынау алып империяның мерейтойына қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса-дағы үлес қосу. Мархабат!
Бүгінгі тақырыптың бас кейіпкері – Алтын Орданы 1420-1446 жылдар аралығында билеген Ұлық-Мұхаммед хан. Оның Ұлық-Мұхаммед аталуының себебі: бір уақыт шеңберінде Алтын Орданың тағына екі бірдей Мұхаммед таласады. Жасына қарай бірін «ұлық», яки «үлкен, екіншісін «кішік», яки «кіші» деп атаған. 

1419 жылы билікті қолына қарата бастаған Ұлық-Мұхаммедке оның қарсыластары Саид Ахмет, Кішік-Мұхаммед, Арақ хан және аталған басшылардың маңындағы беделді ақсүйектер Алтын Орданы талан-таражға салып, кедергі жасайды. Атап айтсақ, 1423 жылы Барақ хан Ақ Орда билігін өзіне қаратып, Ұлық-Мұхаммедтің еншісіндегі аумақты Еділ бойына дейін қысқартады. Арада төрт жыл өткенде Барақ хан бақилық болып, Ұлық-Мұхаммед күш ала бастайды және жердің көп бөлігін өз билігіне қаратады. 

Дегенмен, Кішік-Мұхаммед азу көрсетуін тоқтапай, ақыры Сарай қаласын басып алады. Осыдан кейін Ұлық-Мұхаммед Еділдің жоғары ағысындағы бұлғар жеріне қоныс аударып, Қазан хандығын құруға мәжбүр болған. 

Стамбұл қаласындағы Топкапы мұражайында №10202 деген тіркеумен Алтын Орда ханы Ұлық-Мұхаммедтің түрік сұлтаны ІІІ Мурадқа жазған хаты сақтаулы. Хат 1428 жылдың наурыз айында жазылған. XV ғасырдың 20-жылдарындағы алтынордалық хандардың тақталасын айқындап беретін аса маңызды тарихи құжатты түрік ғалымы Акдес Нимет Курат жариялаған. 

Осы тұста айта кететін аса маңызды жайт – Тоқтамыстың, Темір-Құтлықтың хаттары, қырым хандарының хаттары және оларға жолданған хаттар кеңестік шығыстанушылардың қолында болса-дағы орысша аудармасын жасамаған және басқа ғалымдарға беруден бас тартқан. Бұл – ұлттың тарихын жоюды көздеген солақай саясаттың шеңберіндегі аса ауыр тарихи қылмыс!

Ұлық-Мұхаммед пен Барақ арасындағы жағдайды зерттеу барысында түрік мұражайында сақталған А.Ю. Якубовский ғылыми жұмыстарында пайдаланған. Шағатай тіліндегі еңбектерді орыс тіліне аударған Якубовскийдің ғылыми еңбегіне С.Е. Малов бірқатар ескертулер жасаған. Тағы бір шығыстанушы ғалым М.Г. Сафаргалиев хат мәтінін Тоқтамыс дәуірінен бастап алтынордалық хандардың түрік сұлтандарымен тығыз байланыста болғанын дәлелдеуге пайдаланған. Ал А.П. Григорьев хатты он алтыншы ғасырда грамоталардың құжат ретінде жүргенін нақтылау идеясына қолданған. 

Қош! Енді Алтын Орда ханы Ұлық-Мұхамедтің түрік сұлтаны ІІІ Мурадқа жазған хатының аудармасын назарларыңызға ұсынамыз: 
«Аса ұлық Алланың және Мұхаммед пайғамбардың атымен бастаймын! Мұхамедтен ғазиз Мурадқа! Сізге сәлемім және игілігім болсын! Біздің алдымыздағы хан ағаларымыз және сіздің әкеңі, Рим уәлаятының сұлтаны және үлкен ағаларымыз дүркін-дүркін сәлемдемелермен және сыйлықтармен алмасып тұрды. Көпестер арқылы сауда байланысын орнатып, жақсы қарым-қатынаста болды. 

Содан кейін біздің ағамыз Тоқтамыс хан мен сіздің атаңыз ғазиз Баязит-бек ескі дәстүр бойынша елші алмасып, достық пен келісімді бекіте түскен. 

Уақыт өте келе біздің хан ағаларымыздың орыны бізге бұйырды. Төре тұқымдарымен жауласып, Барақ тақты иеленді. Бірақ өткен жылы Алланың қалауымен біз Барақ пен Мансұрды тайдырып, тақ пен билікті қайтардық. Олар жалдамалы әскерлерін ертіп қашуға мәжбүр болды. Кейінгі бір-екі жылда біз Озюді қыстап жүрміз. Сізге адам жіберсек, Улақ өткізбейді ме деп райымыздан қайттық. 

Біз сіздің су жолы арқылы адам жібергеніңізді білеміз. Қандай жағдай болғаны белгісіз, ол адам келмеді?! Сіздің билікке келгеніңіз туралы Хаджи Ибад түріктен білдім. Егер Алла екеумізге бір ғасырды бірдей билеуге рұқсат қылса, біз бейбіт келісімдер жасауымыз керек. 
Егер біз сый-сияпат алмасып, көпестеріміз сауда байланысын орнатса, бұдан артық қандай игілік болмақ?

Бұның барлығы келесі ғасырлар бойы тарихта қалады. Сіз Улақтың қол астына бағынатын біздің арамыздағылардың көзін қалай жойған дұрыс екенін айтсаңыз. Көпестеріміз құрлықпен де, сумен де жүргені дұрыс. Кедейлер де жан бағатын кәсіп табар сонда.
 
Сіз Хаджи Ибад түрікті данышпан адам ретінде бағалайды деген сеніммен сіздің атыңызға сәлемдеме жібердік. Ол сіздің денсаулығыңызды күтпек. 

Сәлемдеме хат мешін жылы Ордада жазылды. Сегіз жүз отыз бірінші жылдың джумади әл-авваль айының жиырма жетінші жұлдызы. (14-наурыз 1428 жыл)»
Мұхаммед – Хасан оғланның ұлы. Тарихи әдебиеттерде оның есімі Ұлық-Мұхаммед аталатынын және оның себебін жоғарыда атап өттік. Ұлық-Мұхаммед Алтын Орда тағына Едіге өлгеннен кейін отырды. Тақ пен билік үшін Барақпен соғысып, аурудан ажал тапқанша империя басқарды. 

Оның тағы бір жауы Кішік-Мұхаммед 1437 жылы Ордадан қуылған соң Еділдің жоғары жағалауын мекендеп, орыс княздарымен ондаған жыл бойы соғыс жүргізген. 

Мурад ІІІ – 1421-1451 жылдары өмір сүрген түрік сұлтаны, І Мехмед Челебидің ұлы. Оның билігі кезінде Осман империясын орталықтандыру жүйесі құрылып, Константинопольді жаулаудың алғышарттары жасалды. 

Тағы бір қызықты ақпарат – хатта кездесетін Озю атауы. Озю – қазіргі Днепр өзені екен. Ұлық-Мұхаммед қыстауын Днепр жағалауына тігіп, аумақты өзен атауымен атаған. 

Ал хатта кездесетін «Улақ» атауының кімге тиесілі екенін әлі күнге дейін ешкім білмейді. 

Қалай десек те, хаттар бұрмаланған тарихты ысырып, дәуірдің айқын болмысын көрсететіні анық!
Басып шығару
buy lasuna pill - himcolin price himcolin oral

celecoxib 100mg canada - purchase flavoxate pills buy indomethacin for sale

buy benemid 500 mg online cheap - tegretol where to buy buy carbamazepine 400mg generic

purchase voltaren - buy diclofenac 100mg generic order aspirin 75mg pills

buy colospa 135 mg for sale - pletal 100 mg tablet where can i buy pletal

buy pyridostigmine 60mg online cheap - mestinon 60mg sale buy azathioprine pills

purchase rumalaya without prescription - buy generic rumalaya online buy generic amitriptyline

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15