Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ғани Майлыбаев Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы "Нұр Отан" партиясының Алматы қаласы, Бостандық аудандық филиалының статистикалық есеп секторының меңгерушісі – бас есепшісі болып бастаған.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына Нариман Табынбаев тағайындалды.
Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысы орталық аудандық ауруханасында балалар хирургы болып бастаған.
Басып шығару