Mazir
04 ноя 11:02korilim:1 430 Qazaqstan / Қоғам

Марғұлан Сейсембай: Қазақстанды Назарбаев басқарып отыр


Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың Украинада жұмыс істеп жатқанын көпшілік біледі. Ол жанындағы Арман Шораев сынды бірқатар азаматтармен бірге Владимир Зеленскиймен кездесіп, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилидің командасында әрекет етуде. Украинадағы ең беделді журналист Дмитрий Гордон қазақстандық кәсіпкерден сұхбат алған. Сейсембай сұхбат барысында Назарбаев пен Тоқаев туралы тосын пікірлерге барыпты. 
«Алғашында оны қатты сыйлайтынмын, таң қалатынмын. 90 жылдардың басында ол шынымен де лидер болды, тіпті, посткеңестік кеңістіктегі ең үздік президент деуге болады.  Мен де ол кезде саяси жетілмеген адам едім, бірақ қазіргі көзқарасымда да уақытында ол туралы ойлаған пікірімнің дұрыстығына көзім жетеді. Ол – өте данышпан адам. Жылдар өте келе эволюция орын алды. Қазір мен ол туралы бұрынғы пікірімді өзгерткен сияқтымын. Ел басқарудың екі түрі бар: халық махаббатына бөлену және қорқыту, үркіту. Екеуі де ел басқарудың құралы. 
Мен оны алғашынды шынымен жақсы көрдім. Мемлекетке, елге қызмет істейтін тұлға деп бағаладым. Өкінішке қарай, уақыт өте келе оның «қамшысының» ысылы менің оған деген махаббатымнан да жоғары рөл ойнайтынын байқадым. Мен шынымен одан қорқа бастадым. 
Ел басқаратын адам өте жұмсақ болып, қол астындағыларды тек «тәттімен» қамтамасыз ете бергені де дұрыс емес. Сәйкесінше, жон арқасынан таспа тіліп отыру да шектен шыққандық деп есептеймін. Осы екеуінің арасындағы балансты сақтау керек. 
Қазақстанда Назарбаев туралы шынайы пікір айту мүмкін емес. Өйткені біздің еліміздегі оған деген көзқарас өте негативті деңгейде. Расын айту керек, менің оған қатты өкпем де жоқ. 
Иә, кез келген ел эволюциялық жолмен дамуы керек. Қазіргі президентіміз Тоқаев та жұмысқа кірісе салысымен реформалар жасайтынын айтқан. Дегенмен, тағы да тоқтап қалдық», - деді ол. 
Гордонның «Қазақстанды шындығында кім басқарып отыр» деген сұрағына Марғұлан Сейсембай былай жауап берді:
«Ресми түрде Қасым-Жомарт Тоқаев, ал іс жүзінде Нұрсұлтан Назарбаев басқарады».
Ал Гордонның Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы сұрағына белгілі қазақстандық кәсіпкер оң пікір білдірді. 
«Тоқаев – өте қызықты әрі интеллигент адам. Әрине, әлемдік ұйымда басшылық еткен азаматтың осал емесі анық. Ол – білімді әрі өте тәрбиелі адам», - деп баға берді кәсіпкер. 
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15